Әйел айына кем дегенде төрт рет төсек қатынасынан ләззат алуы қажет. Ал исламда ер мен әйелдің жыныстық өмірі туралы не айтылады? ТікТок-та әйелдердің оргазмы туралы видео трендке айналып отыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Белгісіз әйелдің сексуалды өміріне деген өкпесін айтқан аудио кеңінен тарап кетті. Желі қолданушылары аудионы қолдана отырып, қалжың ретінде өздерін видеоға түсіріп, парақшаларына жүктеуде.
"Әйел адамға бір айда төрт рет ләззат алу керек. Соны да бере алмайды ғой.... Жаңалық, теледидар көріп жатырмын, ұшақпен ұштым дейді. Ұшақпен ұша ма, ракетамен ұша ма біздің шатағымыз не? Бізге витамин керек!!! Бір айда төрт рет оргазм алу керек. Анау жүр түнгі сағат 12-де пойыздың суретін жіберіп. Біреу қоянның суретін салады, біреу пойыздың суретін салады", — делінген онда.
Ал ислам дінінде әйелдер мен еркектердің жыныстық өмірі туралы не айтылады?
Исламда жыныстық қатынасқа тек некелі жарымен не күңімен ғана түсуге рұқсат етіледі. Басқасы зина боп саналады.
"Жұбайы алдындағы адалдық — ер адамның міндеті. Ері әйелінің сексуалдық қажеттілігін өтей алмаса, жұбайы алдындағы адалдығы күмәнді болады" делінген исламдағы жыныстық өмір әдебі туралы деректе.
Қарағанды облыстық мешітінің ресми сайтында кейбір әдеп кітаптарында жыныстық қатынасқа түсу уақыттары жазылғаны көрсетілген. Яғни, ғалымдардың кеңес ететін күндері: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма түндері және түске дейінгі уақыт.
Ал кеңес етпейтін уақыттар:
— Жексенбі және сәрсенбі күнінің түндері;
— Мұсылманша күнтізбе бойынша айдың бірінші, он бесінші және соңғы түндері;
— Рамазан және Құрбан айт мерекелерінің түндерінде;
— Барат түні;
— Жолға шығардың алдындағы түнде;
— Күндіз түстен кейін.