Біздің қазақтың «әй, қап» демейтұғын қай ісі бар?

Біздің қазақтың «әй, қап»  демейтұғын  қай ісі бар?

Қазақтың жалпыұлттық журналы атанған «Айқапқа» биыл бір ғасыр толып отыр. Қазақтың жаншылған рухын серпілту үшін дүниеге келген осынау басылымның деңгейіне әлі ешбір қазақ журналы көтеріле қойған жоқ десек, артық айтқанымыз емес. Себебі «Айқап» сол кездегі қазақтың қотырына – дәру, жарасына дауа болған журнал. Оның үстіне бүгінде Тәуелсіздігімізді алған тұстың өзінде бірде-бір қазақ журналы жалпыұлттық атанып, халықтың сұранысына соншалықты ие болып отырған жоқ. Бұл жағынан «Айқаптың» орны ерекше. Дәл осы кезеңде қазақ баспасөзі тағы бір басылымға толықты. Ол «Қазақстан» газеті еді. Қазақты «қырғыз» деп жүрген кезде «Қазақстан» деп жар салып шыққан газет атауының өзі басылымның мақсат-мүддесінен хабар береді. Ұлттық мүддені көздеп, мақсаты бір болған осындай журнал мен газетке биыл 100 жыл толыпты.
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­­верситеті осыған байланысты «Мерзімді бас­па­сөз эволюциясы: адамзаттық құндылықтар мен ел­дік мүдде мәселелері» атты конференция өт­кізді. Жиын­ға қатысқан ЕҰУ проректоры Дихан Қа­м­­за­бек­ұлы, Мемлекет тарихы институты ди­рек­­торының орын­ба­сары Ханкелді Әбжанов, «Отырар» кітап­ха­на­сы ғы­лыми-зерттеу орталы­ғының дирек­торы Тұр­сын Жұрт­бай, журналистика жә­не саясаттану факультетінің де­каны Намазалы Ома­шев ме­рей­то­йы болып отыр­ған газет пен жур­налдың, оның ғана емес, жал­пы қа­зақ бас­пасөзінің қыр-сы­рын, журналистика ғы­лы­мы­ның өзек­ті мәселелерін ашып берді.
«Біздің қазақтың «әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар? Газет шығармақшы болдық, қолымыздан келмеді. Пұлы барларымыз ынтымақтаса алма­дық. Пұлы жоқтарымыз ынтымақтассақ та, ақша­сыз істің жөні табылмады. «Қап, пұлдың жоқтығы, қолдың қысқалығы-ай» дедік. Жақсы жерлерімізді қолда сақтау үшін қала салмақ болдық. Басымыз қосылмады. Қолайлы жерлер қолдан кетті. «Қап, ынтымақсыздығымыз-ай» дедік. Болыс, би, ауыл­най боламыз деп таластық, қырылыстық. Же­ңілгеніміз жеңген жағымызға: «ендігі сайлауда көреміз, қап, бәлем-ай!» дедік. Осындай біздің қазақтың неше жерде «қап» дегізген қапияда өт­кен істеріміз көп болған соң, журналымыз да өкі­ні­ші­мізге лайық «Айқап» болды», – деп жур­налдың редакторы Мұхамеджан Сералин басы­лым­ның тұң­ғыш санында атауына қатысты осын­дай қысқаша түсінік бере кетеді. Мұны жазып отырған себебіміз, өкінішке қарай, М.Сералиннің «Біздің қазақтың «әй, қап!» демейтұғын қай ісі бар?» деген сөзі әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келе жатыр.
Енді журналистика ғылымының өзіндегі про­бле­маға келер болсақ, Намазалы Омашевтің ай­туынша, Үшкілтай Сұбханбердинаның жинақтап шы­ғарған «Айқап» журналының өзі әлі толық емес. Оны толықтыратын ешкімнен ынта бай­қалмайды. Ал он сегіз шақты нөмірі шыққан «Қа­зақстан» газетінің басын әлі күнге дейін құрай ал­май отырғанымыз тағы бар. Бұл – қазақ баспасөзі та­рихымыздың жарымжан екендігінің айғағы. Оны қазақ баспасөзін зерттеуге тер төккен, сол үшін бірталай мұрағаттың табалдырығын тоз­ды­рып жүрген «Астана» журналының редакторы Мақсат Тәж-Мұраттың өзі мойындап отыр.
«Қазақстан» газетінің 18 нөмірі шық­қан. Оның екеуі жоғалып кетіп, 16-сы ға­на қалған екен. Ол Санкт-Петербургтің Сал­тыков-Щедрин мұрағатында сақ­талған. 90-жылдардың басында Ғұмар Қа­рашты зерт­теп жүріп, Санкт-Пе­тер­бург­ке бардым. Бір мақсатым – «Қазақстанды» із­деп табу. Бұ­ған дейін еліміздің Кітап па­ла­тасы га­зет­тің фотокөшірмесін алдырған еді. Ол кө­шір­мелер сапасыз, оқуға жа­ра­май­ды. Со­дан әлгі мұрағаттағы адамдар «Қа­­зақ­стан» газетіне байланысты анда жі­бе­ріп, мұнда жіберіп, сабылтып қойды. Ақыр ая­ғында неше түрлі сылтаумен ол га­зет­тер жоқ болып шықты. Каталогта тұр­­ға­ны­мен, өзі «табылмай» қойды. Қыс­қасы, бер­гісі кел­­меді. Міне, сөйтіп, өзгенің қо­лын­да кет­кен өзіміздің дүниемізді ала ал­май отыр­мыз», – дейді Мақсат Тәж-Мұ­рат. Оның айтуынша, бұл газеттің бір ғана нө­­мірі Алматыдағы Орталық акаде­мия­лық ғы­лыми кітапханада тұрған екен. Осы­дан алты-жеті жыл бұрын газеттің ол нө­мірі де қолды болып, табылмай кеткен кө­ріне­ді. Қа­зіргі уақытта «Қазақстан» газетінің қол­да бірде-бір түпнұсқасы жоқ. Өзгелер бұл қы­лығымызды көрсе, «бұл не деген сал­ғырт­тық» дейтін шығар.
Жиында айтылған тағы бір мәселе – қа­­зақ баспасөзінің, Алаш көсемсөзінің бү­гінгі таңда тек тарихшы, мәде­ниет­та­ну­шы, саясаттанушылар тұрғысынан ғана зерт­теліп жатқандығы. «Баспасөз жур­на­лис­ти­ка ғылымының объектісі емес пе?! Осы жағынан келгенде, бізде ондай зерт­теу­лер өте аз», – дейді Намазалы Омашев. Ол бұл тұрғыдан зерттелген Қайыржан Бек­­хожиннің сары ала кітабы – «Қазақ бас­па­сөзі тарихы» еңбегін ғана атауға бо­ла­ты­­нын айтты. Одан басқаларының бәрі осы кі­тапты қайталау ғана деп есептейді ға­­лым. «Әр баспасөздің тарихын шын­дық­қа сү­йе­ніп жеткізу – біздің бо­ры­шы­мыз, мін­де­тіміз. Арыстарымыз­дың ең­бек­те­рін қоз­ғау­сыз, сол қалпында қалдыру – біз үшін үл­к­ен сын», – дейді ол.
Міне, ел болып, етек-жеңімізді жи­на­дық дегенімізбен, ғылымымыз ойдағыдай бол­май тұр. Мемлекет болып қолға ал­ма­са, қазақ журналистикасы ғылымының та­сы өрге домалайды деу – бекершілік.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста