«Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсететін не бар?

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп көрсететін не бар?

Қазіргі кезде қаржы дағдарысы туралы жиі айтамыз, ал рухани дағдарыс жайында жақ ашпаймыз. Мәдени мұрамыздың шынайы жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков кезінде мұражайлар жайлы зерттеп, елімізде небары 60-70-ке толмайтын мұражай барын анықтап, олардың жағдайына аса көңіл бөлген. Ірі қалалар былай тұрсын,  шағын аудандарға дейін мұражай ашқанын жұрт осы күнге дейін айтады. Терең тарихтың қойнауына сүңгітіп, сол арқылы жан дүниеңді байытатын орын – мұражайлардың қазіргі халі нешік? 
Бұрын егемендігімізді алғанға дейін біздің елімізде «Қазақ мұражайын жаң­ғырту» атты мұражайларды бір орталықтан басқаратын мекеме болатын. Содан соң ҚР Мемлекеттік мұражайында арнайы республикалық мұражайлардың мето­дикалық орталығы жұмыс істеп, сонда бүкіл Қазақстандағы мұражайлардың тізі­мі, ондағы экспонаттар жайлы мағ­лұ­маттар сақталатын. 90-жылдары ол тара­тылды да, бұрынғы мұражай жасай­тын суретші-экспозиционерлердің біразы жұмыссыз, біразы жеке фирмалардан нәп­ақа іздеп кетті. Мұражайлардан осы­лайша құт қаша бастады. Әйтеуір абырой болғанда, ҚР Ұлттық мұражайы мен
Ә.Қас­теев атындағы Мемлекеттік өнер мұра­жайы сақталып қалды.   Бұл – өз ал­ды­на бө­лек әңгіме. Ал жоғарыда айтылған орта­лық жұмыс істеп тұрған кезде рес­­­­пу­б­­ли­каның қай түкпірінде қандай мұражай ашылатын болса да, осы орталықтан өзінің тақырыптық-экс­пози­циялық жоспарын бекітетін. Қазір қалай? Мұндай бірізділік, бір орталыққа бағыну деген жоқ. Соның кесірінен кім қай жер­ден, қандай мұражай ашам десе де, өз еркі өзінде. Тіпті қазір көрме мен мұра­жайды айыра алмайтын дәрежеге жетіппіз. Мәселен, бір белгілі оқу орнының 70-80 жылдығына орай мұражай жасақталады дейді де, барсаң,  ол көрме болып шыға­ды. Мұражай болу үшін онда заттай құнды экспонаттар болуы шарт. Сонан кейін құжаттар мен фото­лардың түп­нұс­қалары болуы керек. Қазір көптеген мұражайларды неге көрме деңгейінде дейтініміз, олардың дені көшірмелерден тұратындығында.
Тағы бір атап айтарлық мәселе – мұ­ражай қызметкерлерінің жалақысы  өте аз – 30 мың теңгеге жетер-жетпес шамада ға­­на. Сондықтан бұл салаға қазір келіп жатқан жас мамандар жоқтың қасы. Тек өз мамандығына берілгендер ғана оның қаңқасын болса да сақтап отыр деуге болады. Бірақ бір өкініштісі – олардың де­ні зейнеткерлік жасқа жетіп қалғандар екен.
Репрессияға ұшыраған арыстарымыздың мұражайы да репрессияланды!..
Алаш қайраткерлері соңғы демі шық­қанша жатқан Алматыдағы Қарасай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылы­сындағы бұрынғы НКВД-нің ғимаратында 2003 жылы саяси қуғын-сүргін құрбан­дарына арналған мұражай ашылғанда барлығымыз бір қуанып едік. Бірақ өкініш­тісі – ол қуанышымыз ұзаққа созыл­мады. Әл­гі ғимаратқа қалталы біреудің көзі түсіп, сатып алуына байланысты, оны бір-ақ күнде тартып алды. Қазір ол Алматы қала­лық мұражайының қоластында, ешқандай экспозициясы жоқ. Ғимаратты сатып алған жаңа қожайындар арыстарымыз жатқан, олардың жан қиналысына куә болған камералар мен карцерлерді шемендеп, жаңа заманға лайықтап, жөндеуден өт­кізіп те жіберді.
Бұл жөнінде кезінде Алматыдағы Сая­си қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының бұрынғы басшысы болған Нәзира Жақауова былай дейді:
– Ең қиыны осы 1937 жылғы реп­рес­­сияның кезіндегі экспонаттарды жинау болып еді. Себебі олар өздері жазықсыз атылып қана қоймай, бүкіл отбасы, әулеті қуғындалып, бар мал-мүлкі тәркіленді және құжаттары мен туындылары өртелді емес пе? Сондай қырғыннан тығып алып қала алған  дүниелерді кезінде балалары­нан зорға сұрап, там-тұмдап құрастырып едік... Енді бүгін біз ол мұражайды жоқ­таған арыстарымыздың ұрпақтарына не бетімізбен қарарымызды да білмей отыр­мыз?»
Алматы қаласының мұражайында да арнайы ғимарат жоқ!
Иә, рас. Басында  баспанасы жоқ адам мүлкін түгендегісі келе ме? Сол секілді мұражайдың да ашылғанына он шақты жылдың жүзі болса да, тіпті толыққанды экспозициясы жоқ. Ал бұған бас ауыртып жатқан ешкім жоқ. Міне, біздің  өткен та­рихы­мызға деген көзқарасымыз қандай? Мәселен, 2007 жылы саяси реп­рессияның 70 жылдығы қарсаңында АЛЖИР-де жа­ңадан мұражай ғимараты ашылды. Бас-аяғы екі-ақ айдың ішінде іргетасынан бас­тап, соңына дейін жасалған ғимараттың сапасы қандай болуы мүмкін? Бір-екі жыл болмай жатып, экспонаттардың төбесінен су сорғалап, бояуы оңып, сыры көшіп кетпесіне кім кепіл? 
Еуропаның мұражайларымен көз тар­татын елдерін айтпағанда, АҚШ-тың өзін­де Ақ үйдің маңындағы  тұтас бір көше осы елдің тарихынан сыр шертетін мұра­жайлар көшесіне арналыпты. Неге біз осы мәселеге осыншалықты бей-жай қарай­мыз? Бізге не жетіспейді? Осындай сұ­рақтарға жауап іздер болсақ, ең бірінші мемлекет тарапынан тарихымызға деген жанашырлықтың жоқтығына көз жеткізе­міз. Және осындай шақта Өзбекәлі Жәні­бековтей нағыз, шынайы ұлт жа­на­шы­рының орны ойсырай білінеді. Бар бол­­ғанымен, олардың қолы қысқа, ал құзіретті орындарда отырғандар бұл кем­шілікті көрсе де, көрмегендей сыңай та­нытып отыр. Шындық – осы!
Бұл саланы дамытпай, тамырына балта шауып отырған тағы бір жайт – тендер! Бір­неше жылдың жүзі болды біздің елімізде  мұражай жасақтау ісі осы тендер жариялау арқылы жүзеге асырылып ке­леді. Осының салдарынан мұражай исі мұрнына бармайтын әлдебіреулер жоғар­ғы жақта отырған таныстарының тамырын басып, тендерді ұтып алады. Содан кейін біраз уақыт мана айтқандай көрме жасап, сонысымен мұражай жасадым деп,  жұрт­ты бір алдайды, қаржыны да сіңіріп жайы­на кетеді.
Айтпақшы...
Кезінде Тайқазанды Ленинградтағы Эр­­митаждан алып келіп, тұғырына қон­дыру арқылы, рухымызды бір тіктеп ал­дық. Өкінішке қарай, Ресей секілді көптеген елдердегі этнографиялық бұйым­­­­дары­­­мыз­­ға әлі күнге қол  жеткізе алмай отыр­мыз. Олар – бір адамның мүл­кі емес, тұтас ұлттың байлығы. Кешегі Есік маңынан та­былған, біздің тарихымыздың сонау сақ­тардан бері келе жатқанын ай­ғақтап бер­ген «Алтын Адам» қайда? Қай мұра­жайға барсақ та, көретініміз тек көшір­мелер!
Мұражайға кімдер барады?
Айтуға ұят, мұражайға баратындар өзіміз емес, шетелдік туристер! Содан кейінгі орында оқушылар мен жоғары оқу орнына енді ғана түскен студенттер. Ал одан өзгелер  ең болмағанда жылына бір рет мұражайға бас сұқпайды. Неге? Біріншіден, біз өткенімізге селқос қарай­мыз. Оның түп-тамыры отбасынан бастау алады. Баласын мұражайға жетектеп бара жатқан ата-ананы кездестірдіңіз бе? Сирек, әрине. Бұлардан гөрі компьютер әперіп, соның алдына баласын байлап қойғанды артық көретін ата-аналар саны әлдеқайда көп. Оның бер жағында оқу­шыларын мұражайға алып барып, әрбір заттың тарихын түсіндіретін мұғалім атау­лы да азайып барады.

Түйін
Нағыз тарихтың, өнердің орталығы – мұражай. Ол – науқаншылдық құбылыстың құралы емес, мәңгілік құндылықтардың қайнар көзі, рухани баю орталығы. Шетелдерде мұражайға халық күні-түні ағылып барып жатады. Себебі олар өздерінің жылт еткен дүниелерін керемет етіп көрсете біледі. Еңбектеген сәбидің санасына ұлтының тарихын солай егеді. Ал бізде Кеңес өкіметінен қалып қойған бір қалып бойынша алдымен ел байлығын, табиғат байлығын, еңбек озаттарын көрсететін жүйе әлі бар. Бізге,  керісінше,  ұлттық мұражайлар  жасақтау қажет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста