Биші Шара ізімен...

Биші Шара ізімен...

Аңсаған – болашақ балет бишісі. Ол 10 жасынан бастап биді кәсіби түрде үйрене бастады. Белгілі бард-әнші, сазгер Қадырғали Көбентай мен Рәбиғадай өнерпаз жандардың отбасында дүниеге келген тұңғыштары Аңсаған кішкентайынан саусақтары майысып, биге деген икемі ерекше еді. Бүгінде А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің ең үздік оқушыларының бірі атанған Аңсаған би өнерінің тек практикалық жағын ғана емес, теориялық жағын да терең игеруге талпынуда.
Би өнері, соның ішінде классикалық балет – өте күрделі жанр әрі бишіден шеберлік пен төзімділікті талап етеді. Алматы қаласындағы А.В.Селезнев атын­дағы хореографиялық училищеге 4-сы­ныптан кейін оқуға түсуге талап­танған оқушылар өте жоғары талаппен іріктеліп алынады. Айталық, бір жылда училищеге жүз талапкер оқуға түсуге бақтарын сынаса, соның оны ғана қабылдануы мүмкін. Аңсаған да би мектебіне 4-сыныптан кейін қабылданып, бүгінде училищенің аты­нан түрлі би байқауларына, кон­фе­ренцияларға қатысып, жүлделі орын­дарды иеленіп жүр. А.В.Селезнев атын­дағы хореографиялық училищеде жыл сайын оқушылар ара­сында ғылыми кон­ференция өткізіліп тұрады. Бұл кон­ференцияда ұлттық және әлемдік би, сондай-ақ өз халқымыздың және әлемнің атақты бишілері туралы түрлі тақы­рыптар ортаға салынады. Болашақ бишілер тек би билеуді ғана үйреніп қой­май, конференцияда қозғалған би өнерінің қыры мен сыры хақындағы ір­гелі тақырыптар арқылы кейбір бишілер­дің көпшілікке беймәлім өмірінен кеңі­нен мағлұмат алып, өз салаларының на­ғыз білікті, білгір мамандары болып шы­ғады.
Таяуда жылдағы үрдіспен училищеде кезекті ғылыми конференция өтті. Аталған конференцияға биыл Аңсаған алғаш рет қатысып, жүлделі орынға ие болды. Аңсаған қазақтың биші қызы, белгілі ұстаз Ы.Алтынсарин сыйлығының иегері, Білім беру ісінің үздігі Жақыпова Қуаныш Майлинқызы туралы ғылыми баяндама жасады. Аңсағанның конференцияда қор­ғаған тақырыбына арқау болған тұл­ға – Қуаныш Жақыпова жақында ғана Жапониядан оралған болатын. Ол аспанасты елінде биден дәріс беріп, мамандар даярлаған. Биші-ұстаз Қуаныш Жақыпова Жапониядан келген кез­де Аңсағанның өзі туралы ғылыми баян­дамасын оқып, ризашылығын білдірді, өнердегі шәкіртіне кітабын сыйға тартты. Қуаныш Жақыпова да Алматыдағы хорео­графиялық училищені тамамдаған. Ол кейін Мәскеудегі ГИТИС-те білімін жалғастырды. Би өнерінің білікті маманы әрі ұстаз Қуаныш Майлинқызы – ең алғаш француз тіліндегі би туралы еңбектерді қазақ тіліне аударып, кітап етіп шығарған адам.
Аңсаған өзі классикалық биді таңда­ғанымен, қазақтың ұлттық биін де, басқа да халықтық билерді өте жақсы билейді. Сондай-ақ ол училищеде жыл сайын өткізілетін «Өрлеу» халықаралық байқауына қатысып тұрады.
– Мен өзіміздің қазақ билерін өте жақсы көремін. Алайда әлемдік классикалық, күрделі өнерді игергім келді. Балетте аяқ алысың, әрбір қимылың маңызды, керек жерде қайғырып, керек жерде күлуің керек. Біздің училищені бітірген түлектер міндетті түрде театрда биші болады. Мен де болашақта үлкен театрдың бишісі болып, Қазақстанды өнеріммен әлемге танытқым келеді. Зей­неткерлікке шыққанда өзімді балетке баулыған жетекшім Гүлзира Әшімовадай ұстаз болып, шәкірт тәрбиелесем деймін, – дейді Аңсаған Қадырғалиқызы. Ал біз осынау бекзат өнерді таңдаған өнерпаз жасқа «Өнердің өріне өрлей бер» дегіміз келеді.

Классикалық бидің қарашаңырағы
А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищенің негізі 1930 жылдары қаланған. Училище тарихында көптеген білікті мамандар қызмет етті. Бұл білім ордасында 8 жыл бойы білім алатын оқушылар жыл сайын шетелдерге шығып, концерттер беріп тұрады, түрлі жарыстарға қатысады. Басқа елдерден би мамандары келіп мастер-класс өткізіп тұрады. Училищеде би анасы атанған Шара апамыз еңбек етіп, қазақтың халық билерін оқытуды жоғары деңгейге көтерген. Бүгінде училищеде Шара Жиенқұлованың шәкірті Ғайникамал Бейсенова және басқа да би мамандары дәріс береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста