Қазақстандық актер, әзілкеш Қайрат Әділгерей мен жары Бақыт Тұрман көп балалы отбасы атанды. Әзілкештің әйелі жақында төртінші перзентін өмірге әкеліп, отбасы қуанышын тойлап жатыр. Сұхбат берген әнші Бақыт Тұрман көз жасын тыя алмады.
ұл туралы "Опмай-опмай" бағдарламасында айтылды.
 Қайрат Әділгерей мен жары Бақыт Тұрман көп балалы отбасы атанды. Жұлдызды жұп тағы да ата-ана атанып, қуанышын тойлап жүр. Отбасы тағы бір қызбен толықты. Әкесі қызына қандай есім бергенін айтты. 
"Төртінші перзентіме ерекше ат қойдық. Бақыт екеуміз ақылдаса келе Елігай деген есімді таңдадық. Мен қазақы аттарды жақсы көремін. Қазақилықты жаксы көремін. Үлкен қызымның есімі Айнамкөз", деді актер.
Бақыт Тұрман да сұхбат беріп, қуанышын жасыра алмады.
Қайрат Әділгерей көз жасын тыя алмай жылап қалды (видео)
"Төртінші перзентіміз өмірге келіп жатыр. Көп балалы отбасы болдық. Бір қайғымыз болды", - деген Бақыт Тұрман көз жасына ерік берді. 
Алайда нақты не уайым болғанын ашып айтқан жоқ. 
Қайрат мырзаның айтуынша, төрт баласы төрт үйде өмірге келген екен. Тұңғышы жалдамалы пәтерінде өмірге келсе, екінші баласы өз үйіне келген. 
"Үшінші баламды екінші үйіме, төртінші баламды жаңа қонысыма алып бара жатырмын. Жақында үй алдым. Көп қабатты тұрғын үйде. Әр бала өмірге несібесімен келеді дейді ғой. Балам көбейген сайын үйім де кеңейіп жатыр", - деді ол. 
stan.kz