«Бір рет аузы күйді»: Ерболат Құдайбергеновтің ата-анасы ұлдарының көрінбей кетуінің себебін айтты
Белгілі әнші Ерболат Құдайбергеновтың ата-анасы Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер ұлдарының соңғы уақытта неліктен көрінбей кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің ата-анасының айтуынша, әнші соңғы кезде ешқайда сұхбат бермейтін болған. Оның өз себебі де бар. Алайда әнші отбасылық дуэтпен бірге гастрольдік сапарларға шығып жүр. Сонымен қатар басқа да концерттерге қалмай қатысады екен.
«Оның шығатын жері де, шықпайтын жер де бар. Қазіргі уақытта неше түрлі телеканалдар рейтинг жинау үшін жұмыс істеп кетті. Ал Ерболат тік сөйлейді, ойындағысын бірақ айта салады. Содан кейін олар оны теріс бұрмалап береді. Сол себептен де Ерболат әртүрлі бағдарламаларға көп қатыспайды. Сұхбат бермейді», – дейді әншінің әкесі Қанат Құдайбергенов.
Ал анасының айтуынша, Ерболат Құдайберген ойындағысын айтамын деп бір рет аузы күйген екен.
«Жоқ, ол өзінің жеке шығармасын жүргізіп, жеке альбомын да жасап жатыр. Концерттерге бізбен бірге шығып тұрады. Оның жобалары өте көп. Оның бір рет аузы күйді ғой. Сондықтан да қазір көп шықпайды. Бірақ Қазақстаннның үлкен жобаларына қатысып, әнін айтып жүр», – дейді Айткүл Құдайбергенова.