Бір кітаптағы үш ғалымның еңбегі

Бір кітаптағы үш ғалымның еңбегі

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай қазақ ғалымдары ұлттық тарих пен салт-санамызға жаңаша көзқарас қалыптастыратын көптеген еңбектер жазуда. Таяуда белгілі үш ғалымның авторлығымен «Қазақ ұлтынан – қазақ еліне» атты жаңа кітап жарық көрді. Үш бөлімнен тұратын жинақтың мазмұны терең, айтары мол. Кітапты құрастырушылар елдігімізді әйгілеп, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге септігін тигізетін бұл ғылыми тұжырымдамаларға толы еңбектердің алдағы уақыттарда заңды жалғасы табылатындығын айтады.
Кітаптың бірінші бөлімінде Ұлт­­тық Ғы­лым академиясының ака­­демигі, про­фес­сор Ғарифолла Есім­­нің, екінші бөлімінде фи­ло­со­фия ғылымының докторы, про­фес­сор Ақтолқын Құлсариеваның, ал үшін­ші бөлімінде ғалым Гүл­мира Сұл­тан­бае­ваның «Қазақ елі» тақырыбына арнал­ған ғы­лы­ми мақалалары топтастырылған. Оқыр­­ман қауым аталған жинақтан Ға­­ри­фол­ла Есімнің «Елдік сана фи­лософиясы», «Этнос мәдениеті – елдік мәйегі», «Астана – жаңаша ой­лау символы», «Акме – қоғам бол­­мысы», «Астана – акме-қоғам сим­­во­лы», «Бесінші жол» – елдік рух фило­со­фиясы», «Қазақ елі жә­­не 2030 стра­те­гия­сы», «Тұлға фи­­лософиясы»; Ақтолқын Құл­са­рие­­ваның «Тәуелсіз Қазақстан идея­­сы – жерұйық Қазақстан», «Қа­­зақ мәде­ние­тіндегі еңбек құн­ды­лығы», «Қазіргінің бі­лім қа­ласы»; Гүлмира Сұлтанбаеваның «Қа­зақ ұлтынан Қазақ еліне: қазақ бас­па­сөзі – рухани мәселелер үн­десетін алаң», «Қа­зақ баспасөзі жә­не Қазақ елі – қоғам­дық сана ұйытар кеңістікте», «Қазақ қоға­мы жә­не қазақ елі мәселелері: ұлттық бас­па­сөзге факторлық талдау» атты дүниелерін оқи алады. Бұл ғылыми-танымдық топтама ал­дағы уақыттарда республика кі­тап­хана­ла­ры мен жоғары оқу орын­дарына та­ратылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста