«Білімді қыздың ер адамнан төмен түсуі өте қиын» - Тамара Асар

«Білімді қыздың ер адамнан төмен түсуі өте қиын» - Тамара Асар

Әнші Тамара Асар "Хабар" арнасындағы бағдарламалардың бірінде білімді қыздар мен білімсіз жігіттер туралы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Біз қыздардың мойнына жүкті көп артамыз. Мен әйел бола тұра өзім қанша жақсылықты да, қиындықтарды көрсем де қыздардың мойнына жүкті көп артамын. Ер адамдар, сіздер мықты болуларыңыз керек.  “Байтал шауып, бәйге алмас” деген сөз бар қазақта. “Ер азаматыңның бойы бір қарыс төмен болса, сен бір бас төмен тұр” дейді қазақ. Сондықтан осыншама бойына білім жинаған қыз барады да ақырында бір жігітке ғашық болады. Сол жігіттің не білімі жоқ, не қолынан ісі жоқ. Таңертеңнен кешке дейін инстаграмды қарап жатады. Ол қыз одан кішірейсе, ол қандай отбасы болады?! Ол жігіттен бір бас кішірейсе, ол қандай отбасы болады? Сонша білімді жинап, сандыққа салып, кілттеп, кілтін лақтырып жіберуге тура келеді. Ол топас болу керек болады. Сондықтан ер адамнан төмен түсу өте қиын. Әсіресе, ақылы тайыз адамнан түсу қиын. Көкірегін керген білімі бар, өресі бар текті жерден шыққан қыз осыншама төмен түсу өте қиын. Сондықтан, “жігіттер, жиналыңдар” дегім келеді. Екі қолды, екі аяқты Құдай бергеннен кейін инстаграммен, тілмен, түрмен емес он саусақпен темірді өргендей қылып жұмыс жасаңдар дегім келеді. Егер 18 жасымды маған қайтып берсе, мен шеге қағатын жігітке, шеге қағу білетін жігітке тұрмысқа шығатын едім”, - деді Тамара Асар.

Caravan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста