Бес ірі халықаралық ұйым Ұлттық кітапханада бірікті

Бес ірі халықаралық ұйым Ұлттық кітапханада бірікті

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында ақпараттық даму орталығы ашылды. Оны еліміздің бес ірі ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

Атап айтқанда, орталықты құруды Азиялық даму банкі, Дүниежүзілік банкі, Еуразиялық даму банкі, Ислам даму банкі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдігі қолға алды. Кітапхана директорының орынбасары Гүлиса Балабекованың айтуынша, бұл идеяны бірінші болып Дүниежүзілік даму банкі көтерген. Банк өкілдері кітапханаға келіп, өздерінің осы мақсаттарын жеткізген. Енді банктер бұл жоспарларын жүзеге асырып отыр. Олар бірлесіп қаржы шығару арқылы кітапхананың үшінші қабатынан ашылған орталыққа мыңнан аса кітапты табыс етті. Сондай-ақ оқырмандардың ғаламтор жүйесіне қосылған, ақысыз пайдалануына мүмкіндік беретін компьютерлерді сыйға тартты. Енді азаматтар қалаған уақытында бұл орталыққа келе алады.

Гүлиса БАЛАБЕКОВА, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары:
— Бұл жерде барлық саладағы кітаптар бар. Оның арасынан қолға тие бермейтін оқулықтарды да кездестіруге болады. Сондай-ақ оқырмандар тегін арнайы қойылған компьютерлер арқылы банктердің ақпараттық қорларынан мәліметтер ала алады. Мұндай орталықты құру туралы ой бұрыннан болған. Алайда оған қолдаушы тарту жағы аздап қиыншылық тудырған еді. Енді, міне, елдегі ең ірі ұйымдар бізге қол ұшын беріп отыр. Оқырмандар атынан оларға алғысымды білдіргім келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста