Берлиндегі Мұстафа басына неге ескерткіш тұрғызбаймыз?

Жер жаһанды дүр сілкінткен ІІ дүниежүзілік қырғын қызып тұрған 1941 жылы Батыс Еуропада эмиграцияда жүргенде аса жұмбақ жағдайда қайтыс болған Алаш арысы Мұстафа Шоқайдың биыл 120 жылдық мерейтойы. Сыр өңірінде туып, Алаш жұрты үшін аянбай еңбек еткен Мұстафа Шоқай тірлігінде туған өлкесін билеген кеңес өкіметі саясатының кесірінен батысқа эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.

Ел үшін жасаған қызметінің түпқазығы түркі халықтарын біртұтастандыру боп саналған қайрат­кердің биылғы мерейтойы аясында бірқатар ша­ралар өткізіліп келеді. Алаш арысын еске алу, ұрпақ жадында жаңғырту шараларының басы бұрнағы жылы түсірілген кинофильмнен бастап, түрлі ғылыми конференция, ас-жиындармен ұласуда.

Мұстафа Шоқай тұлғасының сан қыр­лы­лығы, оның тағдырының жұмбаққа толы құпиялары зерттеушілер нысанасына ілігіп, жаңа құжаттар, жаңа деректер аз да болса табылып келеді. Тиянақты шаруалар мұнымен тыйылмаса керек.
Осы жайлардың бір парасын тізбелей келе, биылғы жылғы шаралардың басында Мұстафа Шоқайдың Берлиндегі бейітінің басына Қазақстан тарапынан ескерткіш белгі орнату керектігін ұмытқан тәріздіміз. Берлиндегі Мұстафа Шоқай жерленген қорымда аяулы арыстың есімі немісше жа­зыл­ған белгітас қана тұрғанын Гер­манияға ба­рып келген, Берлинде болып, ары­сы­мыздың тәні берілген тұсқа тәу еткен әр аза­мат айта алады. Біздіңше, биылғы жылы ат­қарылар шаралардың бастыларының бі­рі – Мұстафа Шоқайдың басына Қазақстан халқы атынан ескерткіш қою болса керек.
Жалпы, жат жерде қаза болып, тәні туған топыраққа жеткізілмеген арыс аза­мат­тардың басына тұтас ел атынан ес­керткіш қою әр заманда тәжірибеде бар жағ­даят қой. Алысқа бармай-ақ, Қара­ған­ды­­ның іргесіндегі Спасск-Көкөзек қо­ла­тындағы Карлаг тұтқындарының қорымын мысалға келтіруге болады. Спасскідегі әс­ке­ри тұтқындар жерленген қорымға соңғы он жылдың көлемінде Жапония, Румыния, Польша, Ресей, Венгрия бастатқан бірнеше мемлекет басшылары, елшілері, көптеген лауазымды тұлғалары келіп, ескерткіш тас­тар қойысты. Тіпті Жапон елінің өкілдері келіп, ескерткіш тасқа «Біз әлі ораламыз, бауырлар!» деп ойып жазған болатын.
Қалай болғанда да, ел үшін аянбай ғұ­мырын арнаған арыс азаматтарды қас­тер­леу елдік, мемлекеттік деңгейде атқарылар игі шаруа болса керек. Оның сыртында, биыл­ғы жыл Германияның Қазақстандағы жы­лы болса, өткен жыл Қазақстанның Гер­ма­ниядағы жылы ретінде өткізілді емес пе! Екі ел арасындағы татулық пен ынты­мақ­тас­тыққа бастайтын шаралардың ішінде ары­сымызды асқақтату жолындағы осын­дай игілікті рәсім атқарылса, құба-құп болар еді.
Биыл Мұстафа Шоқайдың туғанына 120 жыл болса, келесі жылы дүниеден озғанына 70 жыл толады. Бәлкім, биыл ескермеген шаруаның орнын толтыруға келер жылы үлгіретін шығармыз!
Гүлжауһар КӨКЕБАЕВА, тарих ғылымының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры:
– Мұстафа Шоқай – қазақтың азат­тығы үшін күрескен ұлы тұлға. Ол тір­лі­гінде кеңес өкіметінің қол астындағы мем­лекетте тұрған жоқ. Эмиграцияда жүр­генде жазған еңбектері арқылы кеңес өкіметінің аса қатал, әділетті сын­шысы болды ғой. Сондықтан да кеңес өкі­меті оны «сатқын» деп айыптаған. Мұстафа Шоқайдың бар ғұмыры қазақ азаттығы, егемендігі үшін арналып еді. Сондықтан да біз ұлы тұлғаның алдында бас июіміз керек. Арысымыз жатқан жер­ге ел атынан ескерткіш тұрғызу асыл па­рызымыз болар еді!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста