Бекзат өнердің жанашыры еді...

Бекзат өнер саналатын балет саласының біздің елімізде кенжелеп дамып келе жатқандығы белгілі. Десек те, бізде осы бір айрықша өнерді игеріп жүрген жас таланттар баршылық. Осы бағытты алға дамыту үшін талай іскер азаматтар мен білікті ұстаз мамандар аянбай тер төгуде. Қазір біз сөз еткелі отырған асыл жан, аяулы ана, ұлағатты ұстаз, шебер ұйымдастырушы, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің директоры қызметін атқарған, Қарлығаш Ыбырайханқызы бекзат өнердің үлкен жанашыры болған еді.


Қарлығаш Ыбырайханқызы кісілік пен кішілікті, ізгілік пен ілтипатты жүрген жүрі­сімен, сөйлеген сөзімен, атқарған іс-әре­кеті­мен бізге үйрете білді. Замандас­тарының айтуынша, ол жастайынан үздік оқуымен, жайдары мінезімен, ұйымдастыру қабіле­тімен ерекшеленген екен. Ол кісінің өткен өміріне кішкене шегініс жасасақ:
Қарлығаш Ыбырайханқызы 1956 жылы 12 маусымда Талдықорған облысы Қапал ауданында туылған. Әкесі – Мырзаханов Ыбырайхан Жәнібекұлы мен анасы – Есел­баева Роза Шәріпқызы, зейнеткер, ком­сомол және шаруашылық қызметкері болған. С.Киров атындағы Қазақ мем­лекеттік университетінің филология фа­культ­етін филолог, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп, сонан соң Қазақ инновациялық және телекоммуникация жүйелері университетінің заң факультетін бітірген. Филология ғы­лымы­ның кандидаты, доцент. «А.Т. Твар­­­дов­с­кий­дің поэтикалық тілінің лингв­остилис­тикалық ерекшеліктері» тақы­рыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Әдеби мәтіннің филологиялық сараптауы, орыс әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық, лексикологияның, ұлттық аудиторияда орыс тілін оқыту, тәрбиелеу, эстетикалық тәр­биелеу, өнердегі және білім берудегі эмпатия (бірге күйзелу) теориясы және т.б. мәселелері бойынша 30-дан астам жарияланымдардың авторы.
Ағылшын тілін де еркін меңгерген ғалым Қарлығаш Ыбырайханқызы 1980 жылдың қыркүйек айынан өзі оқыған университеттің орыс тілі кафедрасында ассистент болды. 1988 жылдың ақпан айынан – Алматы меди­цина институтының кафедра оқы­тушысы, 1988 жылдың қазан айынан – орыс және қазақ тілдері кафедрасының мең­герушісі, 1994 жылдың қазан айынан – Алматы қаласы Совет ауданы әкімшілік әлеуметтік-мәдени мекемелері бөлімінің бас маманы, 1995 жылдың ақпан айынан – Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының оқу-әдіс­темелік және тәрбиелік жұмыс жөніндегі проректоры, бірінші проректоры болды. 2000 жылдың қыркүйек айынан – Алматы қаласы №75 орта мектеп директоры, 2001 жылдың мамыр айынан – ҚР Білім және ғылым министрлігінің сараптама, аккре­дитациялау және аттестаттау басқар­масының (мемлекеттік инспекциялау және лицензиялау) басшысы, ал 2005 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы хореография училищесінің директоры қызметін атқарды.
Ұстаз бен шәкірт арасында тығыз бай­ланыс туған жағдайда ғана көркем туынды, сұлу шығарма, әдемі балет, сол балетті көрерменге жеткізер балет бишілерін тәрбиелеуге болатынын жан-тәнімен түсінген Қарлығаш Ыбырайханқызы бізге, оқушыларға, ұстаздарға жан-жақты жағ­дай жасауға тырысты. Ұлы ойшыл­дарымыз айтқан «сананы тұрмыс билейді» деген сөз бар емес пе. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қарлығаш апайдың арқасында өзінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын түзете алған училище қызметкерлерінің жаны жайсаң қазақ қызына айтар алғысы шексіз. Бұл оның адами болмысының бір қыры ғана...
Қарлығаш Ыбырайханқызы басшылық қызмет атқарған бес жыл ішінде, училище қабырғасында бірқатар оңды өзгерістер мен жаңалықтар орын алды. Ол 75 жылдық тарихы бар оқу орнының жетістіктерін, балет өнерінің болашақта алар орны үлкен екенін, Мемлекет басшысының алдында да абыроймен көрсете білді. Училищенің түлектері бүгінде еліміздің екі бірдей Опера және балет театрында, сонымен қатар, АҚШ, Австрия, Франция, Германия, Ресей сияқты ірі мемлекеттердің балет сахна­ларында өнер көрсетіп жүр.
Қарлығаш Ыбырайханқызының жетек­шілігімен әрбір екі жыл сайын елімізде хореографиялық оқу орындары арасын­дағы Халықаралық «Өрлеу» конкурсы өткізіліп отырды. Байқауға өз өнерпаз­дарымызбен қатар, алыс-жақын шетелдің бишілері де қатысып келді. Бұл байқау Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілеттілігін көтеруге, ұлттық хореографиялық білімнің, өнердің, мәде­ниеттің абыройын ілгерілетуге, халық­аралық шығармашылық серіктестікті дамытуға, классикалық және халықтық би орындаушылық шеберліктерін жетілдіруге, ең бастысы, балет жұлдыздарының жаңа шоғырын жағуға септігін тигізіп отыр­ғандығы сөзсіз. Байқаудың биылғы бағ­дарламасы біз Қазақстанның хорео­графиялық білім саласында зор үлесі бар, елімізге еңбек сіңірген қайраткер Мыр­заханова Қарлығаш Ыбырайханқызын еске алу құрметіне арналды. Бұл кісінің атқарған еңбектері мен Қазақстан балет өнеріне сіңірген еңбегі болашақта ғылыми бағытта зерделеніп, зерттелетініне сенімім мол. Сөз соңында айтқымыз келгені, Қарлығаш Ыбырайханқызы – балет өнерінің тарих көшінде қазақ топырағындағы өз заманының биік тұлғаларының бірі. Жас мемлекетіміздің мәдениетін, әсіресе балет саласын жоғары дәрежеге көтеру мақсатында атқарған іс-шараларының барлығы – қазақ би әлемінің бүгіні мен ертеңі үшін жасалған аса зор еңбек.
Әріптестері мен шәкірттері

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста