Бейтарап соғыстың беймәлім тұстары

Бейтарап соғыстың беймәлім тұстары

Белгілі шоқайтанушы ғалым, профессор Әбдіуақап Қараның кезекті кітабы жарық көрді. «Түркістан легионының ақиқа­ты: свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» деп ата­латын қаламгердің кезекті зерттеу еңбегінде Түркістан легионерлерінің тағдыры ту­­ра­­лы баяндалып, сол бір сұра­пыл соғыстың беймәлім тұстары ашылады. «Мен Мұста­фа Шоқайдың туысы емеспін. Көбісі солай ойлайды. Бірақ ол сияқты ұлы тұлғалар – бүкіл қазақ халқының, барлық түркі қауымының туысы. Сондықтан Мұстафа Шоқай менің де туысым», – дейді Ә.Қара.
Мұстафа Шоқайды зерттеуді бастаған кезде ғалым Ә.Қараны Түркістан легио­нының құрамында болған азаматтардың рухани болмысы мазалаған екен. «Себебі бас кезінде легионерлер Кеңес армиясы­ның қатарында болды. Сол кезде олар «Ота­ным, жаным!» деп күресті ме, жоқ, әлде Сталиннен қорыққаннан кейін соғыс­тың алдыңғы шебіне шықты ма? Ал тұтқын­ға түскенде, қатты күйзеліске түсті ме, жоқ, әлде «Сталиннен құтылдық!» деп қуанды ма? Міне, осы мәселе мені қатты маза­ла­ды?», – дейді Ә.Қара. Сол себепті қаламгер өзінің жаңа кітабында негізгі кейіпкер – жазушы Шыңғыс Дағшының соғыс жыл­дары бастан өткерген адам сенгісіз оқиға­лары арқылы свастика мен қызыл жұл­дыз­дың қыспағында қалып, жазықсыз жапа шеккен мыңдаған легионерлердің тағдыр-тауқыметі туралы баяндайды. «Олардың жалпы санына келер болсақ, зерттеуші Александр Даллин немістердің ресми жазбалары бойынша соғыс кезінде кеңес армиясынан тұтқынға алынғандар­дың жалпы саны 5 млн 162 мың адам бол­ғанын айтады. Бұл тұтқындардың басым бөлігін орыстан басқа ұлт өкілдері құраған. Олар­дың 1 млн 981 мыңы лагерьлерде көз жұмған. Тұтқындарды белгіленген жерлерге жөнелту кезінде өлгендер мен жоғалып кеткендерді бірге санайтын бол­сақ, бұл сан 3 миллионнан асады. Ал тірі қалған 800 мыңдай әскер «Тұтқындардан жасақталған легиондар» жобасына қолда­нылған», – деп жазады өз кітабында   Ә.Қара.
Әбдіуақап ҚАРА, аудармашы ғалым, профессор:
– Зерттеу жұмыстары барысында мен Шыңғыс Дағшымен таныстым. Ол – соғыстың ащы шындығын жазған белгілі жазушы. Мен көкейімде жүрген біраз сұрақтардың жауабын осы кісінің романдарынан таптым. Ал «Түркістан легионының ақиқаты: свастика мен қызыл жұлдыз арасындағы жанталас» кітабын жазған кезде бейтарап ұстанымда болдық. Коммунизм мен фашизм дейді, неге қазақ екеуінің біреуінде болуы керек? Бізде таңдау жоқ па? Міне, зерттеу барысында біз осы үшінші жол – тәуелсіз рухтың тұрғысынан бәріне талдау жасауға тырыстық. Коммунизмді жақтамадық, фашизмді де қолдаған жоқпыз. Себебі олардың екеуі де қазаққа жақсылық ойлаған жоқ. Өз басым II дүниежүзілік соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп ешқашан жазбаймын. Себебі ол қазақтың жерінде болған соғыс емес. Ал Кеңес Одағы біздің Отанымыз емес. Егер Кеңес Одағы біздің Отанымыз болса, онда неге біз Тәуелсіздік алдық?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста