Бейбіт САРЫБАЙ: Роман жазу ойымда бар

 Қысқы демалысты бос өткізбеудің амалын əркім-ақ жасап жатқан болар. Бұл демалысты біз де пайдаланып қалмаққа тырыстық. Ол үшін ВК əлеуметтік желісінде «Ұлан – ұлағатты үнпарақ» парақшасындағы достарымызды «Желідегі əңгімеге» шақырдық. Балалардың қойған сұрақтарына қонақтарымыз жауап берді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Сондықтан əлеуметтік желіні орнымен қолданып, біздің парақшамызды қарай жүргейсіңдер…

Айсымбат Нұрбекқызы: Жазушыда қандай қасиет болу керек? Сізде сол қасиеттер бар ма?

Б.Сарыбай: Өзімде бар-жоғын білмеймін, жазушының бойында адамға қатысты ең асыл қасиеттердің бəрі болуы керек. Қайсыбірін түгендеп жатқандаймыз. Əрине, ең басында талант тұрады.

Оразгүл Абдулла: Қолына қалам ұстағанның бəрі жазушы, не болмаса ақын емес. Жазушы үшін қаламның салмағы сезіле ме? Қаншалықты сезіледі?

Б.Сарыбай: Сезілгенде қандай?! Оның өлшемі жоқ қой, Оразгүл.

Сағыныш Тасболат: Өмір атты ұстаздан не үйрендіңіз?

Б.Сарыбай: Мен не білемін, соның бəрін осы ұлы ұстаздан үйрендім.

Əйгерім Асанхан: Келешек жастардың бойында қандай қасиет болуы тиіс? Қандай қасиеттен бойын аулақ ұстағаны жөн деп санайсыз?

Б.Сарыбай: «Бес нəрседен қашық бол, бес нəрсеге асық бол». Абайды толық оқысын.

Назым Сапарова: Прозаға қалай келдіңіз? Кездейсоқ өмір торабымен бе, əлде бала кезден бері əңгімелер жазасыз ба?

Б.Сарыбай: Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды. Бəрі тағдырдан. Бала күнімде «Алтын ақыр» деген ертегі жазғанмын.

Əйгерім Асанхан: Өзіңізге басқа кітаптардан бағалырақ, қымбатырақ, ерекше жақсы көретін үш кітабыңыз. Авторымен айтсаңыз…

Б.Сарыбай: Мұсылманға бағалысы көктен түскен төрт кітаптың соңғысы. Мен үшін ең ыстық кітап Кəдірбек Сегізбаевтың «Біз қалада тұрамыз» деген ескі сары кітабы еді. Екіншісі Мұхтар Мағауиннің қара түсті кітабы болды. Дəл қазір аты есімде жоқ. Үшіншісі – Николай Носовтың «Дымбілместің бастан кешкендері». Осы үш кітап менің бала қиялымды оятты. Жазушы болсам деген арман сол күндерде басталды-ау деймін. Бұл үш кітап соншалық керемет болмаса да, мен үшін сонысымен қымбат.

Дина Бөкебай: Сіз сатираға да, прозаға да, поэзияға да жақынсыз. Қайсысына тұрақтап қалмақсыз?

Б.Сарыбай: «Тұрақтай алмай тегістікке, тірелді бір күн егістікке» демекші, осы прозада тұрақтап қаламын-ау. Əрине, шамам келсе. Бірақ, үшеуі де ыстық.

Дина Бөкебай: Фейсбукте «жұлдызсыз». Рас, жастарға əсер етесіз. Əлеуметтік желі арқылы тəрбие беруге болады деп ойлайсыз ба?

Б.Сарыбай: Əрине. Тіпті, жастарды тəрбиелеудің төте жолы осы деуге болады. Бірақ орнымен қолдана алмай жүрміз-ау.

Дина Бөкебай: «Мейірімде» ҰБТ жайлы əңгіме бар. Өте қызық. Өзіңіз ҰБТ тапсырдыңыз ба? Қайда оқыдыңыз?

Б.Сарыбай: ҰБТ тапсырған жоқпын. Бұныңыз кейін шықты ғой. Біз бірыңғай емес тест тапсырғанбыз. Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыдым. Бұл да бала күнгі арманым еді. Осы арманыма қол жеткізген анама қарыздармын. Өтеп үлгермедім. Тағдыр үлгертпеді.

Кəусария Сəулехан: Əлеуметтік желіні дұрыс пайдаланудың жолдарын айта аласыз ба? Өмірлік ұстанымыңыз қандай? Адамдығы кем ақын-жазушысымақтарға деген пікіріңіз қандай?

Б.Сарыбай: Ол бір айтатындай емес қой. Өзің-ақ үйреніп аласың. Жазушысымақ деген болмайды. Жазушы болса, сымақ емес. Сымақ болса, жазушы емес. Адамдығы кем болса, өзінен көрсін. Менікі де жұрттікіндей қалыпты көзқарас. Нашар пікірдемін.

Перизат Боранбек: Қайтадан өлең жазуыңыз мүмкін бе? Келешекте роман жазу ойыңызда бар ма?

Б.Сарыбай: Мүмкін болғанда қандай… Қатты жазғым келеді. Жазамын. Бұйырса оқисың. Роман жазу ойымда бар. Мақсатым бар, жоспарым бар.

Серікболсын Меңдібай: Еліміздің əр жеріндегі болашақ жазушы бауырларыңызға деген ақылыңыз, берер кеңесіңіз?

Б.Сарыбай: Біреуге ақыл айта алмаймын. Өйткені, ақыл айтатын адам менің өзіме керек… Ақыл тісім шыққанымен, ақылым əлі толмай жүр. Көп оқу керек шығар, шамасы.

Айдана Қожықова: Мен ең алғаш сізді «Рауғаш ерте гүлдейді», сосын «Өліара» деген туындыларыңыз арқылы таныдым… Əңгімелеріңіздің прототипі көбіне өзіңіз бе? Өзіңізбен қарайлас жазушылардан қаламы қарымдылар деп кімдерді атайсыз?

Б.Сарыбай: Дəп осы екі əңгімеге қатысты айтар болсам, иə, менмін. Прототипі өзіммін. Өзіммен қарайлас жазушылардың менен басқасының бəрінің қаламы қарымды. Олардың атын атасам, достарым болғасын мақтағандай боламын. Сондықтан достаспаған Есболат Айдабосын мен басқа қалаға көшіп кеткендіктен, достығымыз салқындаған Нұрлан Қабдайды айтайын. Осы екеуінің қаламы қарымды.

Жансая Тұрмағанбет: Əлемдік прозаиктер мойындауға тиісті немесе мойындаған қазақтың қай жазушысы мен шығармасын атар едіңіз? Фейсбуктегі белсенділігіңіз өте жоғары. Көп оқырманды ФБ арқылы таптыңыз ба?

Б.Сарыбай: Əліпби бойынша Аймауытов Жүсіпбек, Əбіш Кекілбайұлы, Бейімбет Майлин деп кете береді ғой. Жартылай иə деп, жартылай жоқ деп жауап беруіме тура келеді. Өзіңізге керегін алыңыз.

Жансая Тұрмағанбет: Жазушы үшін кез келген тақырып шығармаға арқау бола ала ма? Əлде жазуға болмайтын тақырыптар кездесе ме? Жалпы, жазу стиліңізде ереже, принцип бар ма?

Б.Сарыбай: Бұл сұраққа ұзақ-сонар жауап беруге болады. Қысқасы, иə. Кез келген тақырып арқау бола алады. Ол өзіңнің талантыңа, біліміңе байланысты. Принцип бар. Өтірік жазбау керек.

Əйгерім Кəрбозова: Қазіргі қазақ прозасының қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сіздің ойыңызша?

Б.Сарыбай: Осы сұраққа көсемсімей-ақ қояйыншы. Ағалардан ұят.

Құрметті жас достар! Сендердің əрбір сұрақтарыңа кеңінен жауап бергім келеді. Бірақ сендер оқып отырған осы газеттің əрбір миллиметрі, сантиметрі қымбат. Соны білгендіктен қысқа қайырдық. Кездесіп жатсақ, кеңінен сөйлесеміз ғой. Əрине, бұйыртса…

Дайындаған Асылан ТІЛЕГЕНОВ

(«Ұлан» газеті, №2, 12 қаңтар 2016 жыл)

zhasorken.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста