Қазақ жерінде ислам дінінің кең таралуына ықпал еткен тұлғалардың еңбектерін зерттеу экспедициясы Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қорының көмегімен Атырау өңірінде де болып, Жылыой ауданының Ақшеңгел тауында «Сұлтан Бейбарыс» деректі фильмін түсірді.
Отандық телеарна журналистері мен актерлерден, режиссерлерден құралған экспедицияның Жайық бойынан қаршадай бала қалпында кетіп, жаһанға аты тараған Бейбарыс сұлтанның өмір жолын зерттей отырып түсірген фильміне М.Өтемісұлы атындағы облыстық драма театрының актерлері қатысты. Басты рөлдегі Сұлтан Бейбарысты ҚР мәдениет қайраткері, актер Елтай Шаманов сомдаған фильмнің режиссері – Асқар Әшімов. Қоғам назарын дәстүрлі дінге аудартуды мақсат еткен экспедиция Ахмет Ясауи, әл-Фараби, Хибатулла әл-Тарази, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Бекет ата, Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкәрім сынды басқа да тұлғалардың өмірі мен шығармашылығының негізінде түсірілген деректі фильмдерді «Хабар», «Қазақстан», «Асыл арна» телеарналары арқылы жұртшылыққа ұсынбақ ниетте.
Бейбарыс жайлы фильм
Последние статьи автора