Өткен маусымды қорытындылап, sportsffa.kz сайтына сұхбат берген Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан отбасылық өмірі туралы айтты.
Футболшы бұдан былай келіншегінің модель болғанын қаламайды екен. “Ол бір-ақ рет, яғни 2012 жылы «ҚазҰУ аруы» байқауына қатысқан. Енді ондай болмайды (күліп). Тыйым саламын”, – деді Бауыржан.
Сондай-ақ, ол өзінің көп тіл білмейтінін, бастысы қазақ тілінде
таза сөйлейтінін айтады. Ал футболшының жары Еркежан бірнеше тілді жетік меңгерген.