Баукеңнің «қанмен жазылған» кітабы

Баукеңнің «қанмен жазылған» кітабы

Биыл – даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, ұлтын сүйген ұлы тұлға Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойы. Осыған орай аудармашы Мұхтар Қазыбек «Қанмен жазылған кітап» атты жинақты кеше жиналған қауымға таныстырды. Оның айтуынша, кітапқа Бауыржан Момышұлының жеке мұрағатында сақталып келген аса құнды әрі сирек кездесетін мұраның бірегейі – Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кезде, 1944 жылдың 19-26 қаңтары аралығында, Ғылым академиясының қазақ филиалында ғылым, әдебиет, өнер қызметкерлерінің алдында оқыған дәрістері кірген екен.

ҚР Ұлттық кітапханасында өткен кітап­тың тұсаукесеріне ғалымдар, қоғам қай­рат­керлері, әскери қызметкерлер қатысты. Жиналған жұрт Баукеңнің 100 жылдық мерейтойын пайдаланып, батырдың қазақ қоғамына, тарихына сіңірген еңбегін насихаттады. Мұхтар Қазыбек: «Жауынгер жазушының соғыс психологиясы жайын­дағы әңгімесінің стенограммасы, жазушы­лармен кездесу кешінде сөйлеген сөзінің стенограммасы, өзінің ұстазы генерал И.В.Пан­филов туралы жүрекжарды сырла­ры мен пайымдаулары, майданнан жазған хаттары үлкен тебіреніске толы. Ал оның сөздері мен баяндамаларының, бұйрық­тары мен жауынгерлерге берген мінез­демелерінің орны ерекше», – деп Баукеңнің мұрасына бойлады. Ғалымдар Бауыржан Момышұлының соғыс психологиясын терең меңгергендігін, сол арқылы «Волоко­ламское шоссе» еңбегін майданда жазған­дығын сөз етті. Мұхтар Қазбектің айтуынша, кітапты жазуда белгілі дәрежеде қиыншы­лықтар туындаған. «Аударудан алдын ар­найы әскери терминдерді жинап, қазақша мағыналарымен салыстырдым. Барлығын түсінген соң, қолыма қалам алдым. Жалпы, Баукеңдей әскердің, соғыстың психоло­гиясын зерттеген қолбасшылар жоқтың қасы. Өйткені бұл кісі, ең алдымен, шығар­ма­шылық тұлға, жазумен айналысатын азамат болды. Мәскеуде Баукеңді «сіз жазу­­шысыз, ойшылсыз, ерекше бітімді жауынгерсіз» деп жоғары бағалаған. Бау­кеңнің өзі 1943 жылы сөйлеген сөзінде  интел­лектуалды кеңес офицерінің бейне­сін жасау керек­тігін алға тартқан. Ал біздің Елба­сымыз Нұрсұлтан Назарбаев  интел­лектуалды қазақ ұлтын қалыптас­тыруды талап етіп отыр. «Интеллектуалды» деген терминді біздің ғалымдарымыз әлі күнге дейін айта алмайды. 7-ақ сыныптық білім­мен осы сынды ойлар айтқан Баукеңді мойын­­дамас­қа болмайды. Осыдан Бау­кеңнің әдебиет теориясын терең меңгер­гендігін байқасақ болады. «Соғыс жыл­да­рында мен 100-ге жуық кітап оқып шық­­тым» де­ген Баукеңнің сөзі бар еді», – дейді Мұхтар Қазыбек.
Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы:
– Біз соғыстан кейінгі ұрпақпыз. Баукең Мәскеудің түбінде шайқасқан батыр ғой. 1970-1975 жылдары Мәскеудің шығыстану институтында оқып жүрген кезімізде батырдың соғыс­қан жерлерін өз көзімізбен көрдік. Мұхтар Қазбек Баукең туралы жақсы баян­да­ма оқыды. Баукеңнің мұрасын сүйіс­пеншілікпен тыңдадық. Мұхтар айтқандай, Баукеңді мектептерде оқытуымыз керек. Бауыржан Момыш­­ұ­лын оқыған шәкірт тез есейеді. Жал­­пы, Баукең ашылмаған феномен сияқты. Оның жазушылығы, парасаты, ой­лы­лы­ғы, даналығы – таусылмайтын әңгіме.

Мұхтар ҚАЗЫБЕК, М.Х.Дулати қоғамдық қорының директоры, «Қанмен жазылған кітаптың» аудармашысы:
– Бауыржан Момышұлының бұл еңбегі 1990 жылы «Психология войны» деген атпен жарық көрді. Келесі жылы аталмыш кітапты қазақшаға аударып шықтым. Алдымен Баукеңнің 31 сағат оқыған лекциясын мен сөздік жасап аударып шықтым. Кітаппен алты айдай жұмыс істедім. Бүгін кітапқа «Қанмен жазылған кітап» деп ат қойып, 40 000 тиражбен шығардық. Ол кісінің 100 жылдығына орай, Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 30 томдық еңбегі жарық көрді. «Қанмен жазылған кітаптың» Баукеңнің басқа еңбектерінен жаңашылдығы – Панфилов дивизиясының шейіт кеткен қаһармандарына әдеби ескерткіш орнатуы. Олардың жасаған ерліктерін тарихқа енгізу. Ол дивизия, негізінен, қазақ, қырғыз әскерлерінен тұрған.

ҚОЛБАСШЫ КҮНДЕЛІГІНЕН:
Қолбасшы – шығармашылық тұлға. Біздер әдебиетшілерді, суретшілерді, композиторларды шығармашылық еңбектің адамы деп есептейміз, алайда ұрыс пен соғыс – бұл ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер де. Сондықтан да бұл өнердің ұйымдастырушысы шын мәнінде  шығармашылық еңбектің адамы болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста