Батыс әдебиетін қазақша тәрбиелеген тұңғыш аудармашы

Абай – ұлы аудармашы. Қайткенде де, ақынның аудармалары – өзінің төл туындылары секілді, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған туындылар. Абай – Батыс әдебиетіне аудармашы ретінде алғаш жол салушы. Ол қазақ әдебиетін Лермонтовтың «Бородиносынан» бастап, аударманың небір жауһар үлгілерімен толықтырды.
Біріншіден, Абай – талғампаз ау­дар­ма­шы. Адамгершілікті дәріптеуге, жаман мі­нез-құ­лықты шенеуге құрылған аудар­ма­лар М.Ю.Лермонтовты аударудан бастау алды. Идеялық мазмұн мен көркемдік эс­те­ти­каның үндескен тұсы да осы болса керек. Ке­зінде Мұхтар Әуезов өте жоғары баға бер­­ген «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» секілді аудармалары – ақын шығармашылығында бір төбе. Абай Лер­­монтов шығармаларына неліктен ден қояды? Бірқатар зерттеушінің осы та­қы­рып­қа бара бермеуі абайтану ғы­лы­мы­ның күңгірт тұсы болса керек. Тура ау­дар­ма мен еркін аударманың парқын бізге Абай­дың аударма дәстүрі ажыратып бер­ген­дей. Сөз­бе-сөз аударма шумақ, бунақ, буын ұйқас­та­рына қарай өзара екіге бө­лі­неді. Кейбір өлең­дерді аударғанда Абай өлең­нің шу­мағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Аударған өлеңдерінің буы­нын қазақша дәл беру мүмкін болмаса, са­ны жағынан соған жақын келетін өлең­мен аударады. Абай Лермонтов өлеңдерін ау­дару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шы­ғар­машылық нысанын біл­ді­ретін ұғым­дар­дың аттарын аударуда ық­шам­дау прин­ци­пін ұстанады. Абай аудар­ма­ла­рын­да­ғы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Ме­нің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») де­ген өлеңнің кө­лем­і екі тілде де – 16 жол­дан. Бұлай ау­дару үлкен шеберлікті та­ныт­қанын айтсақ, орын­ды. Айта берсе, Абай аудармалары ше­тінен оның асқан талант иесі екенін дәлелдейді. «Көңілім менің қараңғы, бол, бол, ақын» шы­ғармасы да – осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл – Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған М.Ю.Лер­мон­тов нұсқасы. Ақынның көзі тірісінде орыс­ша нұсқасы «Отечественные записки» жур­налында басылып, кейін өзінің жи­нақ­тарында бой көрсетті. Абай осы өлеңнің ал­ғашқы сегіз жолын ғана аударып, 1933 жылға дейінгі жинақтарда «Бол, бол, ақын» «Бұл­бұл ақын» болып басылып кел­гені аян. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басы­лымдардың бар­лы­ғын­да «Лермонтовтан» деп қана бе­рі­ліп жүргендігі – Абай аудармаларын зерт­теу­ші­лер­дің назарына ілігер дүние.
Мәтіндерді салыстырайық.
Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей,
                                      певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твои,
                       промчавшиеся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках
                     застывших капля слез -
Они растают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы.
                                     Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен
                                         келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде
                                    бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерісе?!
Лермонтовтың ойы, көңіл күйі ау­дар­ма­да анық, дәл түпнұсқадағыдай берілген. Абай «арфа» сөзін «домбыра» деп, «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқыр­­манының тіліне сай етіп, өте жатық ау­дарыпты. Сол заманда арфаның не еке­ніне барлау жасайтын оқырманды тап­пас­сыз. Аудармашы «Пускай персты твои, пром­чавшиеся по ней» – «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да ба­ла­масын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданады. Абай ау­дар­ма­лары әркез жоғары бағаланып келеді. Фи­лолог ғалым Қажым Жұмалиев кезінде: «Абайдың орыс классиктерінен алған өте бір құнды әдісі – сөз арқылы қаһар­ман­­да­ры­ның мінез-құлық, ішкі сыр-си­патын ашу. Бұл – психологиялық сурет­теу­де ерекше әдіс», – деген. Себебі орыс әдебиетінің құр өлең формалары мен дәуірдің тынысын беруден гөрі, оның психологиясына барлау жасаудағы бірінші қадам Абайдікі еді.
Абайдың өз шығармаларының ау­да­ры­луы­на келсек, Абайды аударуда аудар­ма­шы­лар, негізінен, оның қара сөздеріне ден қояды. Ұлы ойшыл өзінің қара сөздерінде қазақ халқының мінезін, бітімін, ойларын нақ­ты көрсеткен. Ұлы ақынның ой мар­жан­дары Кеңес үкіметі кезінде орыс тіліне ау­дарылып, 15 республикадағы 150 ұлтқа таралған болатын. Кейіннен ұлы ойшылдың артына қалдырған сөздерін әлемдегі ең көп қолданылатын он шақты тілге аударған «Халықаралық Абай клубының» еңбегі зор. Қоғамдық бірлестіктің ұйым­дас­ты­ру­шысы әрі орыс тілінде жазатын жазушы – Роллан Сейсембаев. Кейіннен Абайдың қа­ра сөздері орыс, қытай, француз т.б. көп­­теген әлем тілдеріне аударылды. Ал Жа­қында Белоруссияда Абайдың «Дала еркіндігі» атты кітабы белорус тілінде жа­рық көрді.
Әуезхан Қодар, ақын, мәдениеттанушы:
–    Абай аудармаға өзінің төл шы­ғар­масы ретінде келген. Қазірде «мә­де­ниет­ке шөлдеу» деген түсінік бар. Абай – осы мәдениетке шөлдеген ең бірінші қазақ. Оның бар шығармашылығы осы мә­де­ниет­ке шөлдеуден туған. «Өлең – сөз­дің патшасы, сөз сарасы». Осы сөзбен-ақ ол қазақтың дәстүрлі поэти­калық бол­мысын сынайды. Мен Абайды ке­ремет, ұлы, ғажап адам деп са­на­май­мын. Тек қана қатардағы талантты адам деп санаймын. Мұным – Абайды кем­сі­ту емес, әрбір адам талантты деген сөз. Абай – жай аудармашы емес, фи­ло­соф аудармашы. Ол кісіні өзім де ау­дар­ғанмын. Бірақ 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай Мәс­кеу­ден келген бригаданың аудармалары кө­ңі­лімнен шықпады. Себебі жұтаң ау­дарып, Абайдың мінезін таныта ал­ма­ды. Оның ең әйгілі лирикалық туын­ды­сын былай аударады: «Ты – зрачек глаз моих, пла­мень уст дорогих». Қазаққа әсер еткен дүние, әрине, мұндай ау­дар­ма­дан кейін ешқандай әсер ете ал­май­ды. Мен оны: «Ты – очей моих свет, Ты – души моей цвет, Заболел я тобой, ис­целения нет», – деп аудардым Абайды аудару үшін оған өміріңді арнауың керек. Абайдың қара сөздерін В.Шк­лов­скийдің «Русские ви­дят мир и мы должны учиться у рус­ских» деп аудар­ғаны бар. Ал Абайда он­дай сөз жоқ. Абайдың «орыстан үй­рену ке­рек» деп жазғанын солай таяз түсінген болуы керек. Абайды аудар­ған­да, ме­нің­ше, одан алшақтап кетпеу ке­рек. Шы­нын айтқанда, қазір Абайға жа­ңаша көз­қарас жоқ. Кезінде мен осыған қа­тыс­ты аудармамда өз ойымды айт­қан­­мын. Қазір Абайдың қара сөздерін «книга слов», «слова-назидания» деп аударып жүр ғой. Мен бұған қарсымын. Арабтың «ғақлия» деген сөзі «ой» деген мағынаны береді. Сондықтан оны орыс тіліне «раз­мышление» деп, әрбір сөзін «мо­но­лог» деп аудару керек. Сонда біз Абай­ды тура Еуропа мәдениетінің орта­сына шы­ғарамыз. Өйткені Абай – әлем­дік әде­биет­тің ірі өкілі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста