Алматы қаласында тұңғыш болып Рейхстагқа жеңіс жалауын желбіреткен қазақтың батыр ұлы Рахымжан Қошқарбаевтың 90 жылдығына арналған арнайы іс-шара болып өтті, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымының тілшісі. Бұл шараны өткізуге батыр атамыз қызмет еткен «Алматы» қонақүйінің қызметкерлері мұрындық болған.
1962 жылы құрлысы басталып, 1967 жылы аяқталған, 1992 жылдан бері еліміздің тарихи-мәдени ескерткіші болып саналатын «Алматы» қонақ үйінің ең алғашқы директоры Рахымжан Қошқарбаев болған.
Шара барысында Рахымжан Қошқарбаевтың соғыс кезіндегі және бейбіт өмірдегі ерен ерліктері әңгіме болды. Оның ерлік ісін әлемге танытуға үлес қосқан Кәкімжан Қазыбаевтың еңбектері ерекше аталып өтілді.
Батырдың қарулас, әріптес жолдастары және туыстары сөз алып, өз көкейлеріндегі ойларын ортаға салды. Біз шара аясында сөз сөйлеген бірнеше азаматтың ойын аудио-жазбаға жазып алған еді. Сол жазбаларды назарларыңызға ұсынып отырмыз...
Жанша Жанасұлы Жанасов, Рахымжан Қошқарбаевтың жолдасы, 17 жасынан бастап, өмірден өткенше достықтары үзілмеген: