БАТА

Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинастырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
***
Жақсылыққа ат байлап жүрейік,
Жамандықты қақпайлап жүрейік.
Арға табынып жүрейік,
Ағайынды сағынып жүрейік.
***
Қуаныштың тұрағы бол,
Ұлан істің бұлағы бол,
Мерекенің құрағы бол,
Мейірімнің шырағы бол,
Сабырлының сыңары бол,
Пәк үлгінің шынары бол,
Туралықтың тұмары бол,
Тұлғалы ұлттың құмары бол.
***
Атаңның иықтысы бол,
Анаңның сүйіктісі бол,
Халқыңа қадірі асқан
Мәртебесі биік кісі бол.
***
Босағаңды тептірме,
Досқа азар шектірме,
Табалдырығыңды таптатпа,
Тасырларды аттатпа,
Сұйықты төрге оздырма,
Сұғанақ қолын создырма.
Міншілден жасып мұқалма,
Күншілден сасып жұқарма.
Шаужайдан жарың алмасын,
Шаңырағың датқа қалмасын,
Жақсылық нықтап іргесін,
Жандарың қайғы білмесін.
***
Тіресем тілек ат басын –
Тізгініңді ешкім қақпасын.
Іргеңде ібіліс жатпасын,
Ізіңді іріткі бақпасын.
Ізетті – ине етіп,
Иманды – түйме етіп,
Инабатты – күйме етіп,
Жүрейікші жамандықты күйретіп.

Тілек баталар
Бисмилляһи-р-рахман ир рахим Уә, жаратқан ием құдірет! 
Уа, Жаратқан Ием!
Қошқарұлы Жәнібекке Қаракерей Соқыр Абыздың берген батасы
Кемеңгердің алғыр ойын берсін
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста