Құрметті оқырман ел аузындағы бата-тілектерді жинасытырып назарларыңызға ұсына бастадық. Бұл игі іске алып-қосар ойыңыз немесе өз жаныңыздан шығарған, ел аузынан, қадірлі қариялардан естіген баталарыңыз болса alashainasy.kz сайтына пікір жазып немесе мына почтаға (alashbata@mail.ru) хат жолдаңыз!
***
Кемеңгердің алғыр ойын берсін,
Екі дүниенің абыройын берсін.
Талабыңмен тау астырсын,
Талантыңмен жарастырсын.
Жамандықтан адастырсын,
Жақсылықпен жанастырсын.
Білімің молая берсін,
Еңбегің зорая берсін.
Мақсатың айқын болсын,
Өмірің жарқын болсын.
Еңбегің көшелі болсын,
Мандайдағы бағың бес елі болсын.
Білімің теңіздей тереңдесін,
Өнерің кемерінен асып кемелденсін!
Жұлдызың жайнасын,
Табаның таймасын.
Дос-жараның безінбесін,
Қысылса сені іздесін.
Әумин
***
Ақ тілек аянды болсын,
Ақ бата баянды болсын.
Мерейің үстем болсын,
Алланың көзі түзу түскен болсын.
Өнерің өрістей берсін,
Уылжып піскен жемістей болсын.
Беделің таудай болсын,
Жайқалып өскен баудай болсын.
Пейілің тарылмасын,
Бақ-береке арылмасын.
Көмек күткен пенделер келіп,
Жаныңда дамылдасын.
Әумин
Шілдехана тойында берілген бата
Анасының аяулы
Жарып шыққан кемерін,
Қадам басып өмірге,
Жас шыбықтай бүр жарып,
Жаңа жайған желігін,
Торсық шеке, ақ маңдай,
Өсе берсін бөбегің.
Өмірі ұзақ болсын деп,
Көңілі нұрға толсын деп,
Ақ батамды беремін.
Азамат боп ер жетсін,
Қиын кезде жолдастан
Аямайтын көмегін.
Тойың тойға ұлассын,
Бола берсін дегенің!
Аллаһу ақпар!
Би-исми-л-лаһи-р-раһмани-р-рахим
Жас жұбайларға бата
Бірінші – ұзақ жасты өмірлі бол
Әуелі, құдай оңдай көр
Жарылқа, тәңірім, қабыл ет.
Ұлыс күні қазан толcа
Қарық қып құтты Наурыз
Құрдасыңа – қуаныш бол
Уа, жаратқан, жарылқа
Құдайдың өзі сөйтіп оңдасын
Бата жинағының сілтемесіне басыңыз
Әумин десең маған
Жас баланың күлкісін бер
Жаңбырсыз жаздан сақта
Анаға бата