"Басымды қатырма": Келіншегімен төбелескен Ұшқын Жамалбек елді шулатты
Жас келіншегімен ұрысып, үйдің астаң-кестеңін шығара төбелескен әнші Ұшқын Жамалбектің жаңа клипі жұртты дүр сілкіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ..
Өзіне және өзге де әншілерге ән жазатын композитор "Басымды қатырма" атты бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды.
Су жаңа клипті тамашалаған желі қолданушылары жарыса пікір жазып, қызу талқыға салған.
"Жарайсың", "Клиптерің ерекше", "Ән де, бейнебаян да күшті шыққан", "Өнерің өркендей берсін", "Ой саларлық бейнебаян. Аз ғана ғұмырда тату өмір сүрейік".
"Клипте артық кеткен жерлері бар. Қаруды қолданғандарың сәл артық болды. Қазіргі жастар миымен емес, көзімен ойлайды ғой. Бірақ бір ұнаған жері - сүйген адамның кешірімді болатыны",
"Бұл клиптегі ұрыс қазір жас отбасының көбісінде болып жатыр. Бейнебаян өмірдегі нәрсені ғана көрсеткен", - деп пікір білдірген желі қолданушылары.
Айта кетерлігі, бұрын "Алашұлы" тобында ән салған Ұшқын Жамалбек соңғы бір жылда бірнеше клипін шығарып үлгерген.