"Басым айналып қалды": Айқын екінші әйелімен қалай қосылғанын айтып берді
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айқын Төлепберген екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалимен қалай қосылғаны жөнінде бар шындықты айтты. Әнші "Кешью" сұлуына ессіз ғашық болып, сол арудан басқа ешкімді ойлай алмайтындай күйге түскенін мойындады. Оған қоса, ол бастапқы үш апта бойы сүйіктісіне өзінің отбасылы адам екенін айтпай қойғаны белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі http://"TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасап.
Айқын Төлепберген екінші жары Жұлдыз Өмірғалимен оның жүктілігі салдарынан үйленгені жайлы қауесеттерді жоққа шығарды. Өнер иесі "Кешьюдің" бұрынғы әншісін қатты сүйіп қалып, оған "басы айналып қалғанын" жеткізді.
Әнші екінші отбасын құру шешіміне толыққанды ойланып, сенімді түрде келгенін айтты.
"Жұлдыз басында Әселдің бар екенін екі-үш жетідей білген жоқ. Алдаған жоқпын. Бірақ, үш апта бойы оған отбасылы екенімді айтпадым. Кейін білгеннен кейін, ұрыс-керіс болды. Солай болып қалды. Жүктілік емес. Көбісі біздің қосылуымыздың себебін"залет" деп жатады. Олай емес. Негізі Жұлдыз екеуміз бір жарты жылдай бөлек бірге тұрғанбыз. Ол кезде Әсел біледі, көнді. Жұлдыз екеуміз жарты жыл бірге тұрып, одан кейін ғана Санжар пайда болды.
Ол жоспарлы түрде дүниеге келген бала. Мен шыны керек, басым айналып, қатты ғашық болып қалдым. Мен шығармашылық адамы болғандықтан мен кетсем, бірден басыммен кетіп қаламын. Содан кейін бітті, ол адамнан басқа ештене ойлай алмай қалдым. Мені тек ғашық болып көрген адамдар түсінетін шығар. Кейін Жұлдыз білгеннен кейін, мен оны бәрібір жібермей қойдым. Мен өзі сондай адаммын, бір нәрсеге жабыстым ба, жібермеймін.
Айта кетейік, Айқын Төлепберген ауқымды сұхбат беріп, бірінші әйеліне қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берген болатын. Ол алғашқы келіншегінің дәл қазір тұрмысқа шығуына қарсы екенін жеткізді. Алайда, өнер иесі бес жылдан кейін ол жақсы азамат кезіктірген жағдайда, оның ұзатуын өзі жасап беруге ниетті болып шықты.
<iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/rzTVMMu26OU" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>