Басы жиі дауға қалатын атышулы қазақстандық жұлдыздар

Басы жиі дауға қалатын атышулы қазақстандық жұлдыздар

Танымал тұлғалар өзіне қатысты туындаған жанжал мен айтылған сынды әрқалай қабылдап жатады. Бір әртістер жанкүйерлерін одан әрі ынтықтыра түссе, басқалары жұрттың назары өзіне ауғанына мәз болады, ал кейбірі жұрттың алдына шығып, болған жағдайды түсіндіріп жатады. Қазақстандық жұлдыздардың да басы дауға қалатын сәттері аз емес.

Динара Сәтжан

Тележүргізушінің отандық жылтыр қағазды журналдардың біріне түскен суреттері бұқараның жаппай наразылығын тудырды. Блогерлер мен журналистер Динара Сәтжанды киімдерінің тым ашық-шашықтығы үшін айыптады. Солардың бірі танымал актер Әнуар Нұрпейісов твиттер желісінде тележұлдызға видеоарнау жолдаған болатын.

Қайрат Түнтеков

2012 жылдың қыс мезгілінде Қайрат Түнтеков ақпарат көздерінің басты тақырыбына айналды. SuperStar KZ жобасының жеңімпазы жол апатына кінәлі деп танылып, 40 тәулікке абақтыға қамалған болатын. Әнші 3 жылға жуық мерзімге көлік тізгіндеу құқығынан да айырылған еді. Аталмыш жағдай әртістің өнеріне де кері әсерін тигізбей қоймады. Оқиғаның анық-қанығына көзі тойған жұртшылық әртістің өнердегі жетістіктерін ұмытып та кетті.

Баян Есентаева


Баян Есентаева жанкүйерлерін ешқашан бейжай қалдырған емес. Атақты продюсер БАҚ беттерінде қазақстандық шоу-бизнестің өзге өкілдеріне қарағанда жиірек көрініп тұрады. Әріптестерімен сөзге келіп қалу, қоластындағы шәкірттерінің ренжіп кетіп қалуы, Есентаеваның көк кофе мен жасартатын браслеттерді жарнамалауы секілді тақырыптар продюсерді жұрт алдына шығып, мәселенің анық-қанығын баяндауына мәжбүрлейді.

Әсел Сағатова

2013 жылы Әсел Сағатованың серіктестері модельдік мектеп ашып, агенттікке актрисаның аты-жөнін берген болатын. Сағатова мектепте жас модель қыздардың ұстазы ретінде біраз жұмыс атқарды. Ашылғанына жарты жыл толған соң, модель даярлайтын мектепке қатысты жұртшылық арасында жанжал шықты. Мектепке балаларын берген ата-аналар оқу бағасының тым жоғары екендігін алға тартып, қызметкерлерді алаяқ деп айыптаған еді.

Мс Сайлаубек

Мс Сайлаубек – халыққа ғаламтор арқылы танылған жұлдыз. Атыраулық рэп орындаушысының видео-роликтері оған танымалдылық әкелді, жұрттың сұранысын тудырды, концерттерге шақырту сыйлады. Рэпердің тосыннан келген табысы оны жаңа әндер жазуға шабыттандырды. Қазір әртістің жеке продюсері де бар. Енді Сайлаубекті қазақстандық шоу-бизнестің толыққанды мүшесі деп айтуға болады, Бірақ кейбір мүйізі қарағайдай продюсерлер оның шығармашылығын аса ұнатпайтын көрінеді.

Жадыра Кұтпанова

Өткен жылдың жаз маусымында “Дауыс International” тобының экс-солисі Жадыра Кұтпанова бұқара алдында қайта жарқырады. Әнші бойжеткен автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін тәртіп сақшыларының қолына түсіп қалды. Жұртшылық әртістің тұтқындау кезіндегі ерсі қылықтарын әйгілі голливуд актрисасы Линдси Лоханмен салыстырады. Тергеу кезінде Құтпанова полиция өкілінің шалбарын жыртып, енді бірінің қолын тістеп алған еді.

Қайрат Нұртас


Қайрат Нұртас басқа әріптестеріне қарағанда, сынға көп әрі жиі ілініп жатады. Кейде әншіні себепсіз сөгетіндер де табылады. Бірақ қазір Қайратты талқылайтын себеп күннен күнге көбейіп келеді. Алғашында әншінің мас күйінде ән айтқан немесе фонограммамен шырқаған сәттері бейнеленген жазбалар ғаламторды жаулап алса, кейіннен Қайратқа қатысты жанжалдар басқа кейіпке ауысты. Белгіленген концерттің болмай қалып, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиға 2013 жылдың ең көп талқыланған оқиғасына айналды.

Әсел Сәдуақасова


“Дауыс International” тобының ен танымал экс-солисі Әсел Сәдуақасова да әркез келеңсіз оқиғалардың кейіпкеріне айналады. Өткен жылы кейбір қаскөйлер әртіс аруды “Whats App жұлдызы” деп атап кеткен. Мобильді қосымшаны қолданушылар арасында беймәлім біреу сыртқы келбеті Әсел Сәдуақасовадан аумайтын жалаңаш қыздың суреттерін таратып жіберген еді. Кейінірек фотолар баспасөз беттеріне шығып, гу-гу әңгімеге ұласты. Бұқара суреттегі қыз бен актрисаның бір-біріне қатты ұқсайтындықтарын жарыса айтты. Ал 2011 жылы Сәдуақасова жүрген жігітінің алдауына түсіп қалды. Әртістің бұрынғы жігіті актрисаның жеке мүлігін несиеге қойып, ізін суытқан.

Luina

Луинаның шоу-бизнесетегі алғашқы қадамы жанжалдан басталған. Өнер сүйер қауым әнші қыздың продюсер Алуа Қонаровамен сөзге келіп қалғанының куәсі болды. Қазір айғай-шудың неден шыққаны туралы ешкім тіс жармайды, бірақ аталған тұлғалардың твиттер парақшасындағы пікірлері ел есінде. Жұлдыздардың ерегісі теледидарда жалғасып, даудың басын ашу үшін эфирге Сон Паскаль, Баян Есентаева және Луинаның продюсері Жомарт Сулейменов шақыртылған еді.

 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста