Жекпе-жек шебері Қуат Хамитов пен танымал блогер Айжан Байзақова өзара бәске түсті. Олардың қай жеңілгені берілген тапсырманы орындауы керек, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Instagram әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде Қуат пен Айжан өзара бәске түсті. Олар кинотетардан екі залды алып, көрермендерге билет сатуы керек. Кімнің залы бірінші толса, сол жеңімпаз болмақ.
Ал жеңілген адам қарсыласының айтқан шартын орындауға міндетті. Мәселен бұл жарыста Қуаттың көрермендері залды бірінші толтырса, Айжан спортшыны романтикалық кездесуге шақырып, көңілінен шығуға міндетті және спортшыны бірінші қабатқа дейін арқалап түсіруі керек.
Ал керісінше болған жағдайда Хамитов Байзақованың фотосын өзінің Instagram-дағы парақшасына салып, астына Айжанға ғашық екенін және ханшайымым деп жазуы тиіс.
Екі танымал адамның бәсі екі күннен кейін қаладағы сауда орталықтарының біріндегі кинотетарда өтеді.
Express Qazaqstan Қуат пен Айжан туралы бұған дейін бірнеше материал берді.