Бақұл бол, Біржан!

Бақұл бол, Біржан!

Қазақ тілінің үлкен жанашы­ры, филология ғылымының кандидаты, белгілі журналист,  Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы­ның директоры Біржан Байға­раұ­лы Белғара өмірден озды.

...Біржан біздің курстағы өзіндік орны бар ерекше азамат еді. Өзі сонау жылдары Кеңес армиясының қатарында Ауғанстанда азаматтық борышын өтеп, қан майданнан аман оралды. Асыл арманы жетелеп, ҚазМУ-дың журфагіне түсті. Біздің жолымыз қазақ журналистикасының қара шаңыра­ғында түйісті. Арамыздағы ересегіміз, курсымыз­дың бетке ұстар азаматы болған ол бәрімізге қамқор аға, ақылшы дос еді...
Ортасынан ерте есейген Біржан мемле­кеттік қызметке де ерте араласты, ерте үй­лен­ді, ғылым жолын қуды, жауапты қызмет­тер атқарды. Қаламы үшкір, ойы озық журналист атанды. Елорда Сарыар­қаға қо­ныс аударғанда алғашқы лекпен астанаға келіп, бірқатар лауазымды қызметке белсене араласты. Өз пікірі, өз көзқарасы, өз ұстанымы, өз жолы бар Біржан Байғараұ­лын оны білетіндердің бәрі де сыйлайтын, құрмет тұтатын, болашағынан мол үміт күтетін.
Аяулы досымыздан табанда көз жазып қалатынымызды кім білген?! Өмір – жалған, дүние-ғапыл, пенденің басы – Алланың добы, ажал айтып келмейді десек те, күні кеше ғана арамызда жар­қыл­дап жүрген досымыз Біржаннан қапыда айыры­лып қаламыз деп кім ойлаған?! Аяулы дос, кур­стас, асыл азамат, ардақты әке Біржан Бел­ғара арамыздан небәрі қырық бес жасында оқыстан кете барды... Амал бар ма?..
Оның артында қарымды қаламының ізі, мем­ле­кеттік қызметте атқарған қыруар ісі қалды. Шаңы­рағын шайқалтпайтын қос ұланы Ақберені мен Ақәділі бар. «Тұлпар тұяғын тай басар» дегендей, ұрпағы барда оның ошағының оты мәңгі сөнбейді.
Қош, аяулы дос! Қатарымызда ойсырап қалған орның енді қайтып тола қояр ма екен? Жаның пейіште шалқысын. Жатқан жерің жайлы, топыра­ғың торқа болсын, иманың өзіңе серік болғай!
Достары

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста