Балқия Балтабайдың шықпаған кітабын сатып алғандар ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр

Балқия Балтабайдың шықпаған кітабын сатып алғандар ақшасын қайтаруды талап етіп жатыр

Баспадан әлі шықпаған кітабын сатып жіберген психолог, блогер Балқия Балтабайдан ақшасын қайтаруды талап етушілер көбейе бастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Ең қызығы психологтың оқырмандары ақшасын қайтарып беруін талап етіп жатса да, блогер кітабін сатуды тоқтатар емес.

 

"Қайда жүрсем де, “Жүрек Тыныштығым” өзіммен бірге. Әлі де кітапқа байланысты сұрақтар таусылмай жатыр. Осында жауап беріп кетейінші, деп жазды ол.

 

1) Кітапқа төлем жасадым, қашан аламын?

 

- Кітап әлі баспада! Шыққан жоқ!

 

Бірақ, жоспарымыз бойынша осы қыркүйек айының соңы шығады, Алла бұйыртса! - Сторис постта хабарлаймыз, сондықтан парақшаны аңдыыыып жүріңіз»

 

2) Кітап шыққан соң қайдан аламын?

 

- Әр қалада (мысалы: Астана, Атырау, Шымкент)

 

Өзіміздің өкіл болады! Сол өкілдерден аласыз. Өкілдердің адресін де, номерін де сторис, постта жариялаймыз, Алла бұйыртса))

 

3) Кітапқа әлі де тапсырыс бере аламын ба? Қайда жазамын?

 

- Әрине, кітап сатылымда, тапсырыс бере аласыз!, деп жазды Балқия Балтабай.  

 

Айта кетейік, шықпаған кітаптың бағасы 6500 теңге.

 

Оқырмандар "Ең бірінші ақшаңды алып, сосын шығаратын қандай кітап ол? Нағыз алаяқтық қой. Вот это бизнес", "Соны айтам, нағыз саудагер ғой масқара", "Сенің сторизіңді аңдудан басқа жұмысымыз жоқтай айттың-ау", "Ақшамды қайтарып бер", "Ішінде оқитын ештеңе жоқ деп жатыр ғой" , -деген сынды пікірлер жазды.

 

1

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста