Айнұр Тұрсынбаева жолдасын туған күнімен құттықтады. Көпшілікке жұбайының мінезі мен жақсы қасиеттері туралы айтып, жер-көкке сыйғызбай мақтады. 
Бұл туралы Тұрсынбаева желіде жазды. 
&ldquoҚұласам демеп, жыласам жұбатқан жарығым туған күніңізбен.
&ldquoЖолықсаң біздің елдің тентегіне,
Өмірдің қарамайды келтеңіне..
Досына жалғыз атын сойып беріп,
Қалады жүген ұстап ертеңіне&hellip&rdquo деген өлеңді бәріңіз білесіздер ғой, осы өлең тұп-тура Нұрекеңе арналған ба деп қалам&hellip Өзі дүкен аралап киім алғанды жақсы көреді, бірақ ертесіне соның бәрін таратып жіберетіні қиын. Қалтасындағы соңғы тиынын садақаға беріп жіберіп &ldquoАлла жеткізеді&rdquo деп күліп қойып жүре береді. Тағы бір ерекшелігі Алладан басқадан қорқу дегенді білмейді. Жаны жомарт, аңғал, ақ көңіл деген теңеудің бәріне лайық, алхамдулиллах.
Мені мақтағанның бәрімен дос, мені жамандаған адаммен ата жау. Түзде қандай қатал болса, үйде одан мейірімді адам жоқ. Қасымда қамқорым болып аман жүріңіз. Ноқтаға басы сыймаған асау тұлпардай батырыма екі дүниенің абыройын тілеймін. Инстада отырып бүкіл комментарийді жібермей оқып отыратынын ескеріп ақ тілектеріңізді жаудырып жіберіңіздер&rdquo, - деп жазды айтыскер.
Бұған Балғынбек Имашев әзілмен жауап берді.
"Сенің жылан екеніңді білмейді ғой. Мен айтқанға сенбейді. Алла екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!", деді Имашев.
"Құттықтаймын Айнура, жүрегіңнің ішіндегі жүрегің аман болсын", деп жазды Ләйлә Сұлтан.
"Алла бақтарыңды еселей берсін", деді Жазира Байырбекова.
"Бақытты болыңдар!!!!!", - деді Гүлнұр Оразымбетова.
"Аллах екі дүниеде де жүздеріңізді жарық қылсын, абыройыңыз асқақтай берсін, екі дүниенің бақытын, екі дүниенің байлығын тілеймін! Бақыттарыңыз баянды болсын", деді желі қолданушылары. 
sn.kz