Балғынбек Имаш әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны индюхаға теңеп ренжітіп алды
Айтыскер ақын Балғынбек Имашев өнердегі әріптесі Айнұр Тұрсынбаеваны ерекше өлең жолдарымен құттықтады. Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.
"Бүгін - Қазақстан xалықтарының бірлігі күні. Осы мерекемен өзімнің өнердегі қарсыласым, өмірдегі ерсілесім, (ерсілі-қарсылы дегеннен шығады), дүниелік дұшпаным, ақыреттегі досым,
Айтыстың Аққуы,
Телевизияның Тырнасы,
Инстаграмның Индюгі,
Ақсуаттың Акуласы,
Мойынқұмның Мысығы,
Айдың Нұры,
Майдың Гүлі,
Байдың Жұбы - Айнұр Тұрсынбаеваны@aidyn_nury құттықтаймын!
Атыңнан айналайын, Айнурочка,
Сен - сары май, мен - піскен жай булочка.
Өмір бойы менімен айқасуға,
Сенен басқа шыдайды қай дурочка?", дейді айтыскер ақын Балғынбек Имашев инста-парақшасында.
Бұл құттықтау Айнұр ханымға жақпай қалған-ау, сірә. Айтыскер қыз: "Братуxа индюxа, бүкіл жұртқа күлкі қылғаны несі" деп пікір қалдырды.
"Телевизияның тотысы десеңіз болмас па еді", "Aйнұр жауабынды қайтар Имашқа", "Неге Мойынқұмның мысығы?", "Сарайдың бұлбұлдары екеуіде мактап котке кіріп тірлік жасап жургендер го", "Ужас. Сумдык. Айнурды осылай айту. Санасыз", ... деген сынды пікір айтылса, енді біреулері: әзәлә жарасқан деп жарыса ризашылықтарын білдіруде.