Баланы ана құрсағынан бастап тәрбиелеген дұрыс

Баланы ана құрсағынан бастап тәрбиелеген дұрыс

Әдібай ТАБЫЛДЫ, педагогика ғылымының докторы, профессор:
Педагогика ғылымының докторы, жазушы, ақын Әдібай Табылдымен әңгімелесудің сәті түсіп еді. Ұлттық тәрбие төңірегінде өрбіген сұхбатымызды ұсынып отырмыз.

1 Сізді халық өнеге (рубаяттар) жазатын жазушы ретінде жақсы таниды. Осы өнеге, тәлімді насихаттайтын жанрды жан-жақты түсіндірсеңіз...
2 Жазушы Мұхтар Әуезов «ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп, бала тәрбиесін бесіктен бастағанды дұрыс көріпті. Бірақ бүгінгі зерттеушілер «баланы ана құрсағынан бастап тәрбиелеу қажет» деп пайымдайды. Сіз қалай ойлайсыз?
3 Ұлттың педагогикасын зерттеуші ғалым ретінде азаматтық неке мәселесіне қалай қарайсыз?
4 Ұлттық тәрбиені зерттеушілер «елімізде тәрбиенің бұзылған жағдайлары көп» деп топшылайды...

1. Рубаяттарды орта ғасырда пар­сы математигі, астрономы, ақын, философы Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям басқа ақындармен қосылып, ал­ғаш жаза бастады. Рубаят – өне­ге, өсиет деген сөз. Омар Хайямның дүниежүзіне 620-ға тар­та рубаяты тараған. Ол өсиет сөздерінде: «Мына өмір қы­зық, оның қызығын сезіну үшін шараптан ішу керек», – де­генді көбірек айтады. Ал менде ру­баят­тар құрылысы мен маз­мұны жағынан жа­ңаша жа­зыл­ған. Мен 2012 рубаят жазыппын. Қа­зақ әдебиетінде төрт таған­дар деп Мұзафар Әлімбаев, Мұ­қағали Мақатаевтар аздап жазып жүр­ді. Жалпы алғанда, рубаяттар – өмір философиясы мен тәрбие құ­ралы бола алатын өзіндік жанр.
2. Шынымен де, бала тәр­бие­сіне екі жастың некелесуіне дейін мән беруіміз керек. Жігіттің кімге үйленгелі жатқаны, қыздың мінез-құлқының сай келуі, ана бо­луға лайықты ма деген сұ­рақ­тар­ да аса маңызды. Не­келес­кен соң, құрсақ тәрбиесі бас­та­лады. Ол дегеніміз – баланы кү­туде анаға қойылатын барлық талаптар. Құр­сақ тәрбиесі жайлы ғалым Советхан Ғаб­басов меди­циналық еңбектер жазды. Бірақ бесік тәрбиесінде баланың тазалы­ғына қарау, нәрестені бесікке дұрыс бөлей алу да маңызды. Баланы құрсақ тәр­бие­сі­н­ен бастап тәрбиелеген халық ұтыл­май­ды.
3. Қазақ халқында жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі бар. Дәстүрдің түп мәні – текті, генді сақтап қалу, қанның тазалығын сақтау. Қазір «америкалық ұлт» деген халық бар. Оларда ата салт, дәстүр деген шиеленісіп кеткен. Ұлт үшін ең маңыздысы – құрал-қасиетінен айырылмау. Ал жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі текті сақтап қалуға аса қажет. Қазақ халқы классикалық ұлтқа жатады. Өйткені ұлты­мыздың қаны таза, жа­ны таза. Ал бас­қа ұлттың жігіттеріне үйлену шарасыз­дық­тан туындап жатқан мәселе деп ой­лай­мын.
4. Елімізде тәрбиенің бұзылғандығы жай­лы аз айтылған жоқ. Оның да түрлі се­беп­тері бар. Ең қарапайым себеп – кім кө­рінгеннің мектепте ұстаз болуы. Үлгілі шәкірт мектепке бармады. Мұғалімдердің жалақысын төмендетіп, дәрігерлердің де жағдайын жасамадық. Содан тән азығы мен жан азығы бұзылды. Жалпы, ұлттық тәр­биенің басты құралы – әдебиет. Оның ішінде поэзияның балаға беретін жемісі ора­сан зор. Балаға санды үйрету үшін са­намақтарды, жаман мінез-құлықтан арылту үшін мазақтамаларды шығарған. Ма­қал-мәтелдер, батырлар жырлары, ға­шық­тық жырлар балалар тәрбиесін бір жол­ға салуда маңызды қызмет етеді деп ой­лаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста