“Үйде 4 балам бар. Балаларды дүниеге әкеліп алып, жоқ болып кетсең қорқынышты ғой. Жүктілік жақсы өтті, бұл қорқыныш есейе келе пайда болған шығар. Менің анам өмірден ерте озды, ол да ықпал етті ме? Анам негізі ауырмады, төсек тартып жатпады. Баяннан сабақ беріп үйге келіп құлап қалды. Үш сағаттың ішінде жүріп кетті. Сондан үрей қалып қойған болар. Иә, отбасыммен, бала-шағаммен қоштастым. Тұрсынбек те жылады. Балаларды әкесіне тапсырып, күйеуімді қимай кешірім сұрадым. Сөйтіп мен босануға кеткенде күйеуім перзентхананы айналып жүріпті. Содан Райымбегіміз дүниеге келді. Мұның бәрін эмоция деп ойлаймын. “Балаларды бірінен соң бірін туып жатқаным дұрыс па?” деген ойлар мазалады. Мен әр босанғанда перзентханаға бір затымды тастап кететінмін. Қайта қайтып келемін деген оймен. Бірақ бесінші баладан кейін перзентханамен қоштасып, барлық дүниемді жинап-теріп, дәрігерлерге алғысымды айтып кеттім”, – дейді Мөлдір Мұқанова.
Бірақ продюсер уақыт өте бұл ойынан айнып қалған көрінеді.
“Қазір айтсам, екі сөйлегендей боламын. Бір бағдарламада “алтыншысы болады-ау” деп айтып кеттім. “Анам алты бала дүниеге әкелген, енем – алты баланың анасы, мен қайда барамын?” дегенім бар. Кейде жүктілікті аңсап, тағы бір баланы дүниеге әкелсем бе деп ойналып қаламын. Қазіргі әйелдерге “бала босанудан қорықпаңдар” деп кеңес берер едім. Қазір барлық жағдай жасалған. Білмегеніңді интернеттен қарап оқысаң болады. Жұмысты уақытша қоя тұрыңыздар, баламен отырған шаққа ештеңе жетпейді”, – дейді тәжірибелі ана.
Stan.kz