Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында өткен Халықаралық балалар экологиялық конференциясына Қарағанды облысының Шахтинск қаласынан екі оқушы – Анастасия Прыткова мен Артем Макаров барып қайтты.
Аталған форумда, негізінен, өз елдерінде экологиялық жобалармен айналысатын білімді балалар бас қосып, біліктіліктерін сынға салды. Бұл форумға 100-ден астам елден келген мектеп жасындағы қабілетті балалар жиналды. Үлкен ғылыми жобалардың бастауы саналатын осынау конференцияда қазақстандық оқушыларымыз да өздерін жақсы жағынан көрсете білген. Жиын барысында біздің оқушылар Халықаралық балалар экологиялық қозғалысына мүшелікке қабылданды.
Енді әлемнің ең үздік эколог мамандары тарапынан конференцияға қатысқан балалардың ғылыми еңбектері сараланып, ондағы кейбірін ұтымды жобалар мен ұсыныстар экология тазалығы үшін жүргізілетін іс-шараларда пайдаланылмақ.