Балалар детективі жарық көрді

Балалар детективі жарық көрді

Ақтөбе тұрғыны, зейнеткер Зияш Телеудің балаларға арналған детектив шығармасы жарық көрді. «АБКА» тобы ашқан қылмыс» атты шытырман әңгіме 2000 данамен «Жеті жарғы» баспасынан жарық көріп отыр.

Әңгімеге бүгінгі заман оқиғалары, қаланың тірлігі, жалғызбасты қария­лардың алаяқтарға жем болуы, сөйтіп, баспанасынан айырылып қалуы секілді жайттар арқау болған.
Осыған дейін автордың үш кітабы, негізінен, өлеңдер жинағы шыққан. Ал «Банкирдің өлімі» атты заманауи туындысы баспаға әзірленіп жатыр. Ресейлік авторлардың детективтерін тәр­жі­малаумен айналысқан зейнеткердің қорында балаларға арналған «Құпия шеф туралы іс», «Қара елестің жұмбағы» және «Жоғалған миллионер туралы іс» деп аталатын шығармалар бар.
– Бір күні кітап дүкеніне кірсем, әсем безендірілген небір кітап тұр екен. Сол арада жүрген бес-алты баланың біреуі әлгі кітаптардың бірін сатып алғысы келген. Екіншісі «оны қайтпексің, орысша түсінбейсің» деп салды. Тағы біреуі «әттең, осы кітаптар қазақ тілінде болса ғой» деді. Сол кезде маған «неге осындай туындыларды аударумен айналыспасқа» деген ой келді», – дейді Зияш Телеу.
Дегенмен қаламгердің орыс тілінен аударылған шығармалары әзірге тек қол­жазба күйінде сақтаулы. Оның элек­тронды нұсқасын жасау ойда бар. Тіп­ті ғаламтордағы сайттардың бірі­не ор­наластырғысы келетінін де жасыр­майды. Тағы бір жайт, Ресейде «Ав­торлық құқық туралы» заң талаптары қатаң сақталатындықтан, Зияш Телеу ал­дағы уақытта ресейлік авторлармен байланысқа шығып, алдарынан өткісі келетінін жеткізді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста