Балалар әдебиеті бейжайлықты көтермейді...

Балалар әдебиеті бейжайлықты көтермейді...

Бүгін дүниежүзі бойынша балалар кітабының күні аталып өтуде. Мұның өзі балалар әдебиетінің қай ұлт үшін де зор маңызға ие екендігін көрсетсе керек. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі үлкен әдебиеттің бірден-бір оқырманы. Сол себепті де оны кітапқа ерте бастан баулу, әдебиетке деген сүйіспеншілігін бала жасынан арттыру – мейлінше өзекті мәселе. Осы тұрғыдан алғанда, біз нені ескеріп, нені ескермей жүрміз? Шешімін таппай жүрген қандай түйінді тұстар бар?..

Дегенде, біздің қаламгерлеріміздің көпшілігі балалар әдебиетін жеңіл-желпі жанр санайтын тәрізді. Қарап тұрсақ, қаламгерлік жолын ең алғашында балалар әдебиетінен бастап, әжептәуір аяқ алысын байқатқан ақын-жазушылардың өзі іле-шала басқа тақырыптарға ойысып кетіп жатады. Балалар ақыны Сұлтан Қали мұның себебін «балалар әдебиетіне деген көзқарастың дұрыс еместігімен және осы тақырыпқа қалам сілтейтін қауым жағдайының төмендігімен» түсіндіреді. Яғни бұл жерде қаламақының мардымсыздығы мен кітап таралымының аздығы да балалар кітабының көптеп жазылуына, кеңінен таралуына кері әсерін тигізіп отыр. Мысалы, елімізде 18 мыңға жуық кітапхана бар екен. Ал соңғы жылдары шығып жатқан кез келген кітаптың таралымы небәрі екі мың данадан аспайды. Осының өзі-ақ көп жайттан хабар берері анық. «Біздерде мынадай бар, мынадай бар», «ертегілерді, балаларға арналған әңгіме-өлеңдерді кітап қылып жариялап жатырмыз» деп қанша күпінгенімен, ондаған баспаның әр жерден құрап, сұрап жүріп шығарған және бір кітапханаға тым болмаса бір данадан айналмай отырған болымсыз дүниесі бүкіл Қазақстанның қай жыртығына жамау болады? Осыдан кейін балаларды әдеби-танымдық кітаптармен жан-жақты қамтамасыз етіп отырмыз деп айта аламыз ба?..

Есте болар тағы бір жайт балалар кітабының тақырыбына қатысты. Мысалы, оңай олжаға жүгірген баспалардың дені соңғы уақытта дайын ертегілер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді қайта басуға құмар болып алды. Оның өзін де іріктеп, сұрыптай бермейді. Соның салдарынан ертегі жинақтарына енген мәтіндердің ішінде алты жастағы бала түгіл, алпыстағы қария түсінбейтін сөздер, тіркестер көптеп кездесіп жатады. Даярға маяр баспагерлер, сөйтіп, көбінесе фольклорлық дүниелерді пайдаланады да, есесіне өскелең ұрпаққа ауадай қажетті танымдық әдебиеттерге тапсырыс беру жағын ескере бермейді. Сұлтан Қалидің ойынша, осының өзі қазақ балаларының техникалық кәсіптерден гөрі, гуманитарлық мамандықтарды көбірек таңдауына ықпал етіп отыр. Сондықтан да Мәдениет министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі кәсіпкерлік, танымдық кітаптардың көбеюіне және олардың ел аумағына кеңінен таралуына жіті назар аударуы тиіс. Есесіне еліміздегі кітап дүкендерінің сөрелерін жаппай жаулап алған, ұлт ұрпағының қалыптасуына кері әсерін тигізетін шетелдік арзан дүниелерге, теріс психологияны насихаттайтын тренингтік әдебиеттерге барынша шектеу қою қажет.

Тағы бір мәселе: бізде шығып жатқан балалар кітаптары кішкентай оқырмандарының нақты жасына лайықталмаған. Ал мамандардың айтуынша, балалар әдебиетіне, балалар кітабына жалпылама түрде қараған дұрыс емес. Кез келген кітап тілі, тақырыбы, тіпті безендірілуі тұрғысынан алғанда да, мектепке дейінгі, мектеп жасындағы, оның ішінде 1-4, 5-7, 8-11 сынып аралығындағы балалардың жас категориясына лайықталып шығарылғаны жөн. Осы орайда әрбір автор немесе балалар кітабын құрастырушы «фольклордан не кіргізу керек», «бүгінгі әдебиеттің қай шығармасы қай жастағы балаға лайық» деген мәселеге мейлінше мұқият болса игі. Бұл ретте әдебиетші ғалым, ақын Серікбай Қосанның: «Балалардың оқуға сұранысын да ескерген жөн. Мәселен, ауылдың балаларына шетелдің классикасын көбірек беріп, қаланың баласына керісінше, қазақ жазушыларын – Бейімбет, Мұхтар, Ғабиттерді көбірек оқыту керек. Мейлі факультативтік сабақ, мейлі балама оқулық түрінде болса да...» – деген пікірінің де жаны бар.

Қалай болғанда да, балалар әдебиеті бейжайлықты көтеретін сала емес. Бүгінгі сапалы кітап – ертеңгі саналы ұрпақ қалыптастырудың кепілі. Сондықтан бүкіл ел болып, қаламгерлер қауымы болып, балалар әдебиетін мазмұндық, жанрлық жағынан барынша көтеруге, балалар кітабының әрбір үйге, әрбір жасөспірімге жетуіне күш салғанымыз абзал.

Бір пікір
Сұлтан ҚАЛИ,
балалар ақыны:
– Соңғы кездері еліміздің көптеген үлкен басылымдары балаларға келгенде сараңдық танытып отыр. Кезінде Шерхан Мұртаза ағамыз республикамыздың бас газеті саналатын «Егемен Қазақстаннан» балаларға жазылған шығармалар үшін арнайы орын бөлген болатын. Міне, осы дәстүрді басқа басылымдар қайта жаңғыртып, іліп әкете алса, бүгінгі заманға сай дамып отырған балалар әдебиетінің келбетін жан-жақты көрсете алар еді. Әр газет-журналда балалар әдебиетіне тым құрығанда бір айдар ашып қоюға болады ғой. Қазақ қаламгерлерінің ішінде балаларға жазатындары көп болмаса да, біраз бар. Соларға баспалар тарапынан тапсырысты молайту қажет. Қаншама жақсы дүниелер жарыққа шықпай жатыр! Ендігі кезекте балалар әдебиетін алыс ауылдарға жеткізуді ойластыру керек. Ал балалар жазушылары қандай қысылтаяң уақыт болсын, ешқашан қаламдарын қолдарынан тастаған емес...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста