Балаға айтуға болмайтын жеті сөз

 Қазіргі заман бала тәрбиесінде әлем ғалымдары мақұлдаған ең озық тәсіл – «көңілді отбасы тәрбиесі» деп аталатыны туралы айтқан болатынбыз. «Шаңырағым шайқалмасын десеңіз» атты ұжымдық еңбекте сондай отбасындағы ата-аналардың айтпайтын, айтпауға тиіс сөздерін мынадай жеті түрге бөліп көрсетеді:
1. Қатты соқтығу – «олай істемеуге тиіс едің!», «әй, саған айтпап па едім?!», «не масқара мынау?!».
Мамандар мынаны ескертеді: ата-ана қабағынан қар жауып, «былай істеуің керек еді» дей берсе, кейбір орынды сын болғанның өзінде айтылған уақыты, ортасы дұрыс болмаса бәрібір баланың жігерін жасытады. Оны түзету туралы дәл сол кезде айту пайдасыз.
2. Кекеп, мұқау – «үй оңбаған!», «бүйтпесе бұл бола ма?», «мұныкі осы», «нағыз көк ми ғой бұл».
Ата-ана балаға айна іспетті. Онан бала өзінің образы мен болмысын көре алады. Бала кейде үлкендердің әзіл сөзінің байыбына бара алмай қате түсініп, оны өзіне қатты қысым сезінеді, кейде мұның көлеңкесінен ұзаққа дейін құтыла алмай жүреді. Біреудің өзі түсінбеген сөздерін мені кекетіп отыр деп ойлап, сары уайымға салынады.
3. Мүлде теріске шығару – «не деп көкіп тұрсың?», «есің дұрыс па?», «ой, жетесіз!».
Баланың ойын үлкендер ылғи да теріске шығара берсе, бала «менің ойым қате екен» деп ойлайды да, өзінің ойын, нағыз көңіл күйін үнемі жасырып қалатын болады.
4. Асыра сілтеу – «мұндай әдемі суретті көрмеген екем!», «менің балама жететін бала жоқ!».
Ылғи мақтаумен өскен бала қым-қуыт дүниеден сәтсіздікке оңай ұшырайды. Есейе келе ата-анасының мақтауына да сенбейтін болып, өз іс-әрекетіне сенімсіздікпен қарағыш болады.
5. Кемсіту – «қашан көрсең осы», «мал ғұрлы есің болсашы».
Балалардың көбі ата-анасының берген бағасына сенеді. Ал ата-анасы тым асырып мақтап немесе «шарауаң бітті», «сенен үміт жоқ» дей берсе олар шынымен-ақ солай шығар деп көңілі пәс болады. Өзінің сәтсіздіктерін қалыпты құбылыс санап түзетуге құлқы болмайды.
6. Құқай көрсету – «бұдан былай аяғыңды аңдып бас!», «көресіңді көресің!», «бәлем сені ме!».
Ата-ана қорқытқаннан гөрі мүмкіндіктің барынша жол бергені жөн. Өтірік қорқыту мен өтірік мақтау бірдей зиянды. Ол баланың ата-анасына деген сенімін кетіреді.
7. Көңіл бөлмеу – «күте тұр», «неменеге асығасың?», «саған біреу дайындап отыр ма?».
Мұндай істер үнемі кезігеді. Баланы бақшадан, мектептен алуға барғанда күні бойы анасын көрмеген бала үйренген өнерін, жаттаған тақпағын айтқысы келіп: «мама, мынау менің жасағаным» дейді. Сонда анасы оны елемей, «болды, үйге барғанда көреміз» дейді. Мұның баланың талабына су сепкендей іс екенін білуіміз керек.
Ата-ананың сөз-әрекеті балаға тікелей ықпал етуші күш. Кей кездегі елемей жазғыра салудың өзі баланың психологиясына сызат түсіруі мүмкін. Біз баланың жан дүниесіне үңіле білейік. Балаға байқап сөйлейік.

Namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста