Бәйтелі бабаға ескерткіш орнатылды

Бәйтелі бабаға ескерткіш орнатылды

Жуырда Алматы об­лы­сы Жамбыл ауда­нын­да тарихта «Ақтабан шұбы­рынды, Алқакөл сұ­лама» деген атпен бел­гілі қал­мақ­тармен болған ұзақ жылғы ала­пат соғыста ерлік танытқан Бәйтелі бабаға ескерткіш орна­тылды.
Баба рухын асқақтатқан ескерткіш Бәй­те­лінің туған өлкесі қазіргі Жамбыл ауданы Сұ­раншы батыр ауылының ірге­сіндегі Суық­төбенің баурайынан орын тепті. Атақ­ты  Қарасай   батырдың  шөбе­ресі, ел қам­қо­ры болған Бәйтелі баба ес­керт­кіш-бел­гі­сінің ашылуына бай­ла­нысты салтанатты жиын болып, баба ру­хы­на арнап ас берілді. Са­уапты іс-ша­ра­ның соңы спорттық ойын­дар мен кон­церттік шараларға ұласты.
Ескерткіштің ашылу салтанатында ұлы Жам­былдың туған немересі Әлімқұл ақ­­са­қал ақ батасын беріп, елі мен жерін жау­дан қор­ғаған бабаларымыздың ру­хы­на құран ба­ғыштады. Кейбір дерек­тер­ге сүйенсек, Бәй­телі баба қалмақ­тар­дың қолында ама­нат­та болған көрінеді. Бі­рақ Алланың қа­ла­уымен ажалдан аман қа­лып, артына ба­қандай 18 ұл қал­дыр­ған. Кейін Бәйтелі ба­баның ұрпақтары қыр­ғыздармен болған шай­қастарда, Қо­қан хандығының ылаңына қар­сы тұрып, бі­лектің күшімен, найзаның ұшы­мен Қа­зақ елінің дербестігін сақтап қа­луға ай­тулы үлес қосады.
Алыстан менмұндалап, бірден аға­рып көз­ге түсетін ескерткіштің негізгі ком­по­зи­ци­я­сы ұштары көкке шаншылып ба­рып, біріккен үш найзадан тұрады. Ас­тында киіз үй формасындағы рельефте Бәй­телі ұрпақ­та­рының есімі қашап жа­зыл­ған. Биіктігі 18 метр­лік еңселі ескерт­кіш­тің айналасы кө­гал­дандырылып, Бәй­телі бабаның 18 ұр­па­ғына арналып сим­воликалық тұрғыда 18 шырша орна­тыл­ған. Осынау игі істің бас­тамашысы бо­лып, ескерткіштің еңсе кө­теруіне мұ­рын­дық болған Қазақ ұлттық аг­рарлық уни­верситетінің ректоры, ака­де­мик Тілектес Есполов шараны салтанатты түр­де ашып, бабалардың ерлігі жайында тұ­шымды баяндама жасады.

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, академик:
 – Қазақ елі Тәуелсіздік алған тұс­тан бастап қаншама жетістікке жетті. Өш­ке­німіз қайта жанып, өлгеніміз қайта ті­рі­лу­де. Тағдырлы тарихы­мыз­дың қат­пар­ла­ры қайыра ақтарылып, талай ақ­­таңдақтың беттері ашылуда. Ел бо­лып, етек жиғалы бері қазақ қа­уы­мы ес­керусіз қалған би, батыр­ла­рын ар­дақтап, олардың тарихи тұл­ғасын үлт­тық рухты асқақтату мақ­сатында ұр­пақ­қа үлгі етуге күш са­лып келеді.

Халқымызда «өлі разы болмай, тірі ба­йымайды» деген даналық сөз бар. Егер де біз ата-тегімізді түгендеп, ба­ба­ла­рымыздың есімдерін ұлықтап, оларға мәңгілік ескерткіш тұрғызып жат­сақ, оны ең алдымен бүгінгі өске­лең ұр­пақ­тың ертеңгі болашағы үшін атқарылып жат­қан шаруа деп ба­ға­лағанымыз жөн. Осы­ның барлығы – елдің еңсесін кө­теріп, жастарды отансүйгіштік рухта тәр­биелеуге бағытталған игі шаралар. Тек­ті елдің балалары бабалар аманатын жалғас­тырып, халыққа қызмет етуді өз­де­рінің парызы деп білуі қажет.
Ел басына күн туған шапқыншылық за­­ман­да еліне қамқор бола білген ер Бәйтелі жоңғарға қарсы соғыста ерліктері дастанға ай­налған Дәулет, Қаумен, Жә­пек батыр­лар­дың туған бауыры еді. Бәй­телі ба­уыр­лары майдан даласына ат­танғанда ауыл­дарды ішкі, сыртқы жау­лардан қорғап, ба­тыр бауырларының әс­керін қару-жа­рақпен, азық-түлікпен, киім-кешекпен, мініс аттарымен қам­тамасыз етіп отырған. Ала­таудың бау­ра­йын малға толтырып, ел ішін­де береке-бір­лік орнатқан. Бәйтелі ба­баның 18 ұлы­нан бүгінде өрелі ұрпақ өр­біп, ба­ба­л­ар­дың ерлік даңқын жап­ғас­ты­руда. За­манында Жетісудың төбе биі бо­лып, та­рих­та із қалдырған Жанқойлық би – осы Бәйтелі бабаның ұрпағы.
Ескерткіштің бой көтеруіне елеулі ең­бек сі­ңіргендер қатарынан Қазақстан Рес­пу­бли­касы Төтенше жағдайлар ми­нистрлігі әскери полкінің командирі Қа­нат Өмір­құлов, Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген сәу­лет­­шісі Нүркен Білдебаев, Қа­­зақ­­станның ең­бек сіңірген 1-санатты ұш­қышы Ермұ­хам­бет Ар­қа­баев, Қазақстан Төтенше жағ­­дай­лар авиациясының төр­аға орын­басары Се­рік Қапаров сын­­ды азаматтарды атай кет­кен жөн. Бәйтелі бабаның ұр­пақ­­та­ры Ұлы Отан соғысында да жан аямай шай­қасты. Сәр­сенбай Қас­пақұлы майдандағы ер­­лік­тері үшін І және ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» , «Қызыл жұлдыз» ор­дендерімен,  «Ерлігі үшін» ме­далімен ма­ра­пат­талған. Ке­шегі Ауған со­ғысында да Бәйтелі ба­ба ұр­пақ­тары баба даң­қына лайық ер­ліктер жа­са­ды. Сол со­ғыс­та көрсеткен ер­лік­тері үшін Жұ­мабек Сұрау­баев, Нұрдәулет Бел­­ғожаев кеу­делеріне «Қызыл жұл­дыз» ор­денін тақты. Баба ұр­пақтары бүгінгі бейбіт за­ман­да да ерлік дәстүрін жалғас­ты­руда.  Жа­қында ғана тәуелсіз Қа­зақ­стан­ның Көк бай­рағын Сол­түстік полюста желбіреткен тұңғыш қазақ Асхат Қа­ра­табанов та – Бәйтелі баба ұр­пағы.
Ата-бабалар аруағы разы бол­сын, бабалар ерлігі бүгінгі өс­келең ұрпаққа үлгі болсын де­ген ниетпен орнатылған Бәйтелі баба ескерткіші – баршамызға ортақ мұра. Бүгінгі ұр­пақтың үнін бо­ла­шақ­қа жал­ғай­тын бұл ескерткіштің жас­тарды отансүйгіштікке тәрбиелеу ісінде алатын орны ерекше деп білеміз. Осын­дай ұлы бабаларын ұлықтай білетін ұр­пақ қана қа­натын кеңге жайып, ерлік даң­қын ас­қақ­тата бермек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста