Жуырда белгілі ғалым, «Абай жолы» роман-эпопеясының зерттеушісі, «Шын шеберлік» атты монументалды монографиямен қатар басқа да еңбектердің авторы Әбіш Байтанаевтың ғұмыры мен еңбектеріне арналған Байтанаев оқулары өтті.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институты ғимаратында ғалымды еске алып, оның өнегелі өмірін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында өткізілген шара барысында Байтанаев ұрпақтары ғалымның 1мың дана кітабын институт кітапханасына тарту етіп, Байтанаев атындағы дәрісхананың ашылу рәсіміне қатысты. Ол кабинетке ғалымның тұрмыста қолданған заттары, еңбектері, кітаптары қойылды. Әбіш Байтанаев ұстаздық еңбегінің бір парасын ұдайы ғылыммен ұштастырып отырған. Нәтижесінде 1956 жылы «Жамбыл Жабаевтың ақындық өнері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаса, 1971 жылы «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын жазудағы шеберлігі» тақырыбы аясында докторлық диссертация қорғаған. «Шын шеберлік», «Абай жолы» эпопеясының образдар жүйесі», «Абай жолы» айшықтары», «Әдебиет теориясын орта мектептерде оқыту» және Саттар Ерубаев, Жамбыл Жабаев жайында ғылыми еңбектер жазған.
Бұл күні саналы ғұмырын білім жолына арнаған ұлағатты ұстаздың еңбектері негізінде «Профессор Әбіш Байтанаев және Әуезов әлемі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Байтанаев оқулары республикалық білім беру кеңістігіне қазіргі кезеңдегі педагог мамандарды даярлау үрдісін интеграциялау мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияда педагог мамандардың бүгінгі білімі мен біліктілігі әңгіме арқауына өзек болды.
Байтанаев оқулары өтті
Последние статьи автора