Баян Мақсатқызының жаңа қайын атасы Тұрым Алагөзов тағы бір мәлімдеме жасады. Оның айтуынша Баян сотта бұрынғы күйеуін босатуды жылап тұрып сұраған.
Дирижер қайын ата келінінің суретін жүктеп: «Менің үйімде Баян міне осындай. Ол өзгерген жоқ, оның өмірге деген көзқарасы өзгерген. Ол сотта жылап тұрып, бұрынғы күйеуін кешіруді сұрағанда оның мейірімділігін судьялардың өздері бағалады. Мұның сотта Бақытбектің өзі де түсініп, көз жасына ерік берді. Естеріңізде сақтаңыздар, мен тірі тұрғанда балаларымды қорғай беремін. Немерем әкесінің тегін өзгертті. Бұл үшін мен оған ризамын. Біздің тұқымда сатқындар болмаған. ОГның орнына Баян келді. Мен бұл үшін мақтанамын. Мақсат өте жақсы қыз тәрбиелеп өсірген. Оған тас лақтырғандардың бәрі менің дұшпаным. Мен әлі де жүгіріп жүрмін. Алла маған көлік жүргізуге, әйелдерге күліп қарауға (айтпақшы, біреуін таңдап та қойдым) күш береді. Жастар үйреніңдер, мен бар жоғы 73-темін»-деп жазған.