Продюсер Баян Есентаева соңғы кездері спортты қолға алғанын жиі айтып жүр. Желіге жаттығу залындағы суреттерін салып, өзі ойлаған сымбаттылыққа қол жеткізбейінше спортты тастамайтынын айтқан. Бүгінде шетелде демалып жүрген Есентаева жартылай жалаңаш суреттерін салып,халықты оған ашуланбауға шақырғандай.
Продюсер өз сымбатына көңілі толмай жүргенін айтқан. Сондай-ақ, бұған дейін мұндай іспен айналыспағанын жеткізген. Желі қолданушылары Есентаеваның бұл сөзіне күмәнмен қарайтындарын айтады.
Баян спорттан өзі ойлаған нәтижеге қол жеткізбейінше тастамайтынын айтуда.
“Ұят қайда Баян Мақсатқызы? Жасыңыз 40-қа келді ғой, мүлдем тәрбие жоқ” деп жазады Есентаеваның өзі жартылай жалаңаш суретінің астына. Мұны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі продюсерге бәрі жарасатынын айтса тағы бірі расымен де ел анасының жасына келген әйелдің жастарға беріп отырған тәрбиесі жоғын айтқан
Продюсер өзіне ” Жасыңыз 40-тан асты. Жартылай жалаңаш киіммен түскен суреттерді жариялауға ұялмайсыз ба?” деген мағынадағы кеңес беретіндерге өзін қайта тәрбиелеудің кеш екенін түсіндірген. Әрі өзінің табиғаты мен жаратылысына қарсы кеңес беретіндерді тыңдай алмайтынын айтқан.
Баян Есентаева жартылай жалаңаш суреттерін жариялауды тоқтатпайтынын айтты
Последние статьи автора