Қазақстандық танымал продюсер Баян Мақсатқызы Астанада өтіп жатқан "Тұмар" ұлттық бәйгесіне сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовпен бірге келді деп хабарлайды BNews.kz.
Ол өзінің жаңа ғашығымен бірге қызыл кілемнің үстімен жүріп өткен.
Оның сөздерінше, бұл жүлде телевизия саласында қызмет ететіндер үшін бәсеке тудыру және нәтижелі жұмыс үстеу үшін қажет.
Сондай-ақ, ол БАҚ өкілдерінің аталмыш жүлдеге қызығушылық танытуы оны таңғалдырғанын айтты.
"Бұл бірінші ұлттық телевизиялық жүлде болғандықтан, барлық БАҚ келіп отырғанын түсінемін. Біз үшін ең басты жетістік - көрермендердің күлкісі мен алғысы болатын. Біз соған талпындық. Бірақ, сенің жұмысың мен еңбегіңді осы саладағы кәсіби әрі жоғары білімді мамандар бағалап жатса, бұл, әрине, мүлде басқа сезім", - дейді продюсер.«Біріншіден, мен Қазақстанда жарты жылдай уақыт болмадым. Сол себепті де мен үшін 2016 жыл - кәсіби тұрғыдан өте сәтсіз жыл болды», - деп қосып қойды ол.