Қазақстандық белгілі продюсер Баян Мақсатқызы алғаш рет Тұрсын Алагөзовпен бірге көпшілік жиналған салтанатты шараға келді. Белгілі продюсер бүгін «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерлерін марапаттау салтанатында жүлдегерлердің біріне сыйлық тапсырмақ, деп хабарлайды Baq.kz.
Шара Астанадағы «Қазмедиа орталығында» өтіп жатыр. Баян ханым белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен тағдырын жарастыратынын ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялағанымен, бұл – онымен бірге көпшілік жиналған үлкен шараға бірінші рет шығуы.
Естеріңізге сала кетейік, телеарна қызметкерлеріне арналған тұңғыш «Тұмар» сыйлығын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа орталығы» тағайындады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам үміткер қатысқан. Олардың жұмыстарын ақпарат саласындағы білікті мамандардан, белгілі тұлғалардан құралған қазылар алқасы бағалап, бүгін жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталмақшы. Сыйлық барлығы 12 аталым бойынша берілмек.