Баян Есентаева мен Төреғали Төреәлі не үшін дауласып жүр?

Экс-продюсерінің әрекеті "Меломендіктерге" неге түсініксіз?
«Алл Давай» тобына 4 миллион теңге шығын келтіріп, сотқа тартқан қай әнші?

"Алло" әні хит болған сайын, оның төңірегіндегі дау да толастар емес. Әсіресе, Төреғалидің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлеповтің мына бір мәлімдемесі Баян Есентаеваның қатты ашу-ызасын туғызды.

Төреәлі Төлепов, продюсер:
- Еркені жұлдызға айналдырған Төреғали. Осыдан жеті, сегіз жыл бұрын танылса қайда жатыр.

Осыдан кейін продюсер Баян Есентаева Төреғали туралы пікірлерін қарша боратты. Айтуынша, бүгінде сұранысқа ие "мега жұлдыз" қаржы мәселесінде уәдесінде тұрмаған. Қос әншінің бағын ашып, жұлдызын жаққан "Алло" әнімен гастролдік сапарға бірге шыққан әнші «Ерке Есмаханға соңғы қаламақысын төлемей қойды», - дейді Баян.

Баян Есентаева, продюсер:
- Он не один певец в эстраде, и его отец не один продюсер. Нас много.

Осылайша,сыйластықпен басталған өнер жолындағы дуэттің басы бір қазанға сыймай тұр.

"Жаңа жыл кеші» - өткен жылдың хит әні. Әншілер арасындағы жанжалға себеп болған да осы ән. Өткен жылы әнші Диана Шарапова ресейлік сәнгер Сергей Зверевпен бірге шырқап, бейнебаян түсірген болатын. Туындының сұранысқа ие болғаны сонша, «Алл Давай» тобы да сол әнді орындаған.

Алғаш ғаламтордан көрген Диана ән авторын іздеп тауып, қомақты қаржыға сатып алғанын айтады. Ал «Алл давайлықтар» болса, бұл туындыны еш рұқсатсыз орындапты. Мұны біліп қойған әнші Диана топты бірден сотқа берген. Осы мәселеге байланысты Диананың пікірін білу үшін Мәскеуде бейнебаян түсіріп жатқан әншінің продюсері Роман Мироновпен телефон арқылы хабарласқан едік.

Роман Миронов, продюсер:
- Әннің құқығы бізге тиесілі. Оны дәлелдейтін құжаттарда бар. Қазір біз оларды сотқа бердік, сонымен қатар авторлық қоғамда біздің құқығымызды қорғап отыр. Бұл жағдай "Алл Давай" тобына ұнамайды."Новогодний бал" әнінің авторы қостанайлық ақын Еркін Сүйебаев.
Ал, «Алл Давай» тобы болса, Диананың бұл әрекеті дұрыс емес деп, әннің халық әні екенін дәлелдеп бағуда.

Шоқан, Алл давай тобының мүшесі:
- Это песня народная, с детства я слышу эту песню.

Әзірге қос тарап та өздерінің әрекеттерін дұрыс деп бағалап, өліспей беріспейміз деп бекініп отыр.

"Меломен" тобы мен оның экс-продюсері Жанна Абуованың да жолы қазір екіге айырылып отыр.

"Меломен" тобы:
- Сол кісінің қаражатына алынған әндердің барлығына тыйым салды. Сол күйінде мәселе шешілмей қалды. Бізден тойда сол хит әндерді сұрайды, сонда біз Жанна Абуовадан сұраңыз дейміз бе, білмейміз?

"Меломен" тобы "О махаббат", "Арман шағала", "Келеді кездескім" сияқты хит әндерін осыдан былай орындай алмайды. Себебі, экс-продюсері Жанна Абуова бес жыл продюсерлік еткен кездегі 40 шақты туындысын топтан қайтарып алды. Енді ол әндер жаңаша бағытта жазылып өзге топ орындайтын болады. Бұл жайында продюсердің көмекшісі мәлім етті.

Руслан Бердіматов, продюсер:
- Мы просто по закону на правах нам принадлежат эти песни. Мы должны исполнять.Продюсер раннее исполненные песни группы «Меломен» теперь перепоет группа «Назар». «О, махаббат» мы точно споем.

Бір-бірін сынап, сыбап алатын өнер иелері қандай жағдайда да тойда бас қосатыны анық. Осы аптада әнші Нұрлан Еспанов тұңғыш қызын қияға қондырды. Тайлы тұяғы қалмай жиналған шоу- бизнес өкілдері табандары тесілгенше би билеп, дауыстары қарлыққанша ән айтты.

Той қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Әншінің қызы Әйгерім Шымкентке келін болып түсті. Нұрлан ұзату тойының жоғары деңгейде өтуіне аз еңбектенбегені көрініп тұр. Екі жасқа бақыт, дауласқандарға татулық тілейміз. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста