Баян Алагөзованың тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы фильмі тағы бір халықаралық кинофестивальде топ жарды. "Бақыт" кинокартинасы бірден төрт аталым бойынша үздік деп танылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бақыт" фильмі Валенсияда өткен халықаралық кинофестивальде тағы жеңіп шықты", - деп сүйінші хабарды жеткізді Алагөзова.
Сөзіне сенсек, картина бірден төрт аталым бойынша үздік деп танылған: Үздік режиссер - Асқар Ұзабаев, үздік актер - Ерболат Әлқожа, көрермен таңдауы бойынша үздік фильм және жас әділ-қазылар жүлдесі.
"Үздік продюсер" деген жүлденің жоғы өкінішті, әйтпесе мен оны міндетті түрде алар едім. Командамды жеңісімізбен құттықтаймын. Біз жарадық",- деді Мақсатқызы.
Айта кетейік, Баян Алагөзова тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын 2016 жылдан бері көтеріп келеді. Сол жылы продюсер экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың соққысына жығылған болатын. Әйеліне пышақ жарақатын салған Есентаев соттың шешемімен 9 жылға сотталған еді. Продюсер алты жылдан кейін бұрынғы күйеуімен тілдескенін айтқан еді.
Бұған дейін аталған картина Берлинде өткен кинофестивальде жүлделі болған.