Бай өлке қазақтарының баспасөзінің өз артықшылығы бар

Моңғолияда заң бойынша мемлекеттік ақпарат құралы жоқ. Елде 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдары түгелдей дерлік өз күнін өзі көреді. Біз осыған орай Баян-Өлгий қазақтарының тыныс-тіршілігі туралы «Жаңа дәуір» газетінің бас редакторы Ербақыт Нүсіпұлымен сұхбаттасқан едік.

- Естуімізше, «Жаңа дәуір» газеті Бай-Өлгийдегі ең байырғы мерзімді басылым көрінеді?
- Иә, біздің газеттің тарихы аймақ тарихымен тағдырлас. Баян-Өлгий қазақ аймағы 1940 жылы құрылған болса, «Жаңа дәуір» газетінің алғашқы саны «Өркендеу» деген атпен 1941 жылы шыққан. Одан кейінгі кезекте басылым «Жаңа өмір» атанып, заманның өзгеруініне байланысты 2002 жылдан бастап Аймақтық азаматтар өкілі құрылының қаулысымен «Жаңа дәуір» деген атқа ие болды. Ол аймақтық бұқаралық ақпарат орталығының құрамына кіреді. Бұл ұйымда бізден басқа қазақ тілінде шығатын радио мен телеарна және «Шұғыла» журналы бар. Айына 2 рет шығарылатын «Жаңа дәуір» газетінің таралымы 1,5-2 мың дана аралығында. Ал «Шұғыла» журналының тарихы 1957 жылдан басталады. Ол негізінен әдеби-көркем журнал деуге болады. Онда аймағымыздың ақын-жазушыларының, сондай-ақ дүниежүзіндегі қазақтардың поэзиялық, прозалық туындылары жария көріп келе жатыр. Маусымдық журналдың жылына 4 нөмірі шығады. Ал таралымы 1 мың дана.
- Бұқаралық ақпарат құралдарына деген сұраныс қай деңгейде?
Моңғолияның заңы бойынша мемлекеттік ақпарат құралына заңмен тиым салынған. Сондықтан олар бұқаралық деп аталады. Қаржыландыру көзі шығарушылардан есебінен және елдің жазылуы мен сатып алуына байланысты. Баян-Өлгийде қазақ басылымдарына деген сұраныс өте үлкен. Қазақ елінен келген газет-журнал, кітаптарды бірінен бірі алып, қолдан қолға ауыстырып оқып жүретін адамдар бар. Бірақ бұл сұранысты қазір ғаламтор қамтамасыз етіп тұрған жайы бар. Өзіміз де әртүрлі қазақша сайттарға кіріп, күнделікті басылымдарды ғаламтор арқылы көріп отырамыз. Әрине бұл арада негізінен қазақтар тұратындықтан өз тіліндегі басылымдарды әрдайым оқығысы келеді. Сондықтан газетке деген сұраныс бар. Сұраныс салыстырмалы түрде бірқалыпты деуге болады. Өйткені жекелеген кәсіпкер азаматтар Қазақ елінен әртүрлі кітаптарды әкеліп, дүкендерін ашып сатып жатқан жайы бар. Тек біздің аймағымызда Қазақстанның 7-8 телеарналары көрсетіледі. Сол себепті рухани жағынан қазақ халқы мұнда сусап отыр деуге келмейді. Қазір байланыс, ақпараттың дамыған заманы. Ғаламтор, телеарналар мен радио бар.
- Қазақстанның мерзімді басылымдарын тұрақты жаздырып алу жайы қалай?
- Социализм заманында Моңғолия қазақтары кеңестік Қазақстанның басылымдарын толығығымен алып, жазылып тұрған. Өзіміз де алғаш хат таныған кезімізден бастап «Балдырған» журналына, кейінірек «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», одан кейін «Жалын», «Білім және еңбек», «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдер» деген сияқты журналдар мен өзге де газеттерді көріп, оқып өстік. Қазіргі кезде бұл жұмыс жақсы жүйеге қойылған жоқ. Оның тасымалы, пошта қызметінің өзі көптен бері сөз болып келе жатса да оң шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі болып қалуда.
- Ғимараттарыңыз ескіріп қалған екен. Салынғанына қанша жыл болды?
- Ғимаратымыз 1965 жылы салынған. Биыл оған 50 жыл болады. Әрине қазіргі жағдайда жөндеуді қажет етеді. Оған қомақты қаржы керек.
- Баян-Өлгийдегі аймақтық бұқаралық ақпарат орталығына Мемлекеттен қандай да бір қолдау көрсетіле ме?
- Моңғолияның басқа ақпарат орталықтарынан біздің бір ерекшелігіміз бар. Біздің қызметкерлердің еңбекақылары мемлекеттік бюджеттен төленеді. Бұл орталықта бүгінгі таңда 20 шақты қызметкер еңбек етеді. Өзге моңғол әріптестерімізге қарағанда бізге деген бұл артықшылық, ұлт азшылығы ретінде болуы мүмкін. Моңғолияда орталық ұлттық бұқаралық телерадио деген бар. Олар да мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Басқа көршілес аймақтарда ондай жағдай жоқ.
- Баян-Өлгийдегі бұқаралық ақпарат құралдарында көтерілетін бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелер қайсы және қандай тақырыптар маңызды саналады?
- Өмір болған соң күнделікті мәселелер толы ой. Сондықтан біз қандай тақырып болса да қамтуға тырысамыз. Бұқаралық болғандықтан кейде мемлекетті, басшылар мен әкімдерді де сынаймыз. Халықтың үні болғандықтан тек халықтың көкейіндегі мәселелер ғана бізде қамтылады. Оның ауқымы өте үлкен. Олар рухани, экономикалық және басқа қоғамдық мәселелер болуы мүмкін. Қысқасы қарапайым қазақ халқының көкейіндегі ойлар мен түйген мәселелер осында толық қамтылып отыр деп ойлаймын.
- 1990 жылдардан кейін Баян-Өлгий қазақтарының мәдени өмірінің дамуы біраз кешеуілдеп қалды деген сөз бар?
- Айтылып жатқан ондай сындар бар. Оған мысал ретінде ұлттық Театрымызды келтіруге болады. Оркестрлік құрамы болсын, артистер құрамы болсын бәрін есептеп келгенде әрине қазір бұрынғыға жетпей жатқан жайы бар. Бұрын оның бәрі ерекше қамқорлыққа алынып, үкіметтен жақсы қаржыландырылып тұратын. 1990-жылдан кейін халқымыздың тең жартысы атамекен Қазақстанға қоныс аударып кетті ғой. Ол көші-қонмен бірге біздің талай талантты азаматтар, өнер иелері мен ғалымдарымыз да кетті. Бірақ, қазір бейшара күйге түстік деуге болмайды. Өмір болған соң дамудың баялайтын кезі болады. Бұл жағдайды да соның бір көрінісі деу керек.
- Әңгімеңізге рахмет.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста