"Жігіттер" тобының мүшесі, танымал әнші Бағлан Әбдірайымов топтан кететінін айтты деп хабарлайды сенімді дереккөзге сүйеніп NUR.KZ тілшісі.
Ол енді топпен бірге ән шырқамайтынын ресми түрде мәлімдеді.
"Бір үйдің төрт баласының басы бір қазанға сыймай жататын кездер болады", - деген ол топтан неліктен кететінін ашып айтпады.
Ол өзінің бұл шешімін бір-ақ сөзбен жеткізді.
"Мен топтан кетем", - деді әнші.
Ал топтың продюсері болса, оның бұл шешімін қолдамайтын секілді.
"Бөлек шығып әнші болғаныңмен, "Жігіттер" тобындай ешуақытта бола алмайсың", - деді продюсер.
Әншінің топтан неліктен кететінін, сонымен бірге оның алдағы жоспарларына қатысты толық мәліметті "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасынан осы сенбі, сағат 22:00-де көре аласыздар.