Бабаларға белгітас қойылды

Алматы облысының Алтынемел өңірінде осыдан бір жарым ғасыр бұрын аға сұлтан Тезек төре Нұралыұлы мен белгілі сөз өнерінің майталманы Бөлтірік шешен жер дауын әділ шешкен деседі. Алматы облысы әкімінің ұйғаруымен Алтынемел асуы маңындағы Жоңғар Алатауы бөктеріндегі сол жерге бабаларымызға арнап ескерткіш белгі қойылды.

Белгітастың ашылу салтанатында облыс әкімі Серік Үмбетов, қоғам қайраткері Ізба­сар Балтағұлов, ғалым Қасқабай Мұқа­нов, қаламгер Зернебек Шілдебайұлы сөз сөйлеп, белгітастың ұрпақ сабақтастығы, ел бірлігі, тарихты тану жолында үлкен ұлағат екенін атап өтті. Сонымен қатар еңбек арда­гері Шернияз Нұғманов Аралтөбе ауылын­дағы мектепке Тезек төренің аты берілсе деген ұсынысын жеткізді.
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған, елді татулық пен бірлікке шақыратын ескерткіштің бас сәулетшісі – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Қазбек Жарыл­ғапов. Жобаның жалпы құны – 12 млн 300 мың теңге. Күрті гранитінен қашалып жа­сал­ған монумент жалпы алаңы 144 шаршы метр жерді алып жатыр.
Белгітаста Бөлтірік шешеннің «Білектің күшінде кеткеніңді биліктің күшімен қай­тардым, найзаның ұшында кеткеніңді тіл­дің ұшымен қайтардым» деген даналығы мен Тезек төренің «Көріңдер Абылайдың Тезек ханын, Тезектің бір жағы – ақын, бір жағы – әкім. Береке-бірлік және татулықта, Бабаның өсиетін ұстан, халқым!» дейтін сөзі қашалып жазылған.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста