Ажырасуға дейін бардық - Дастан Оразбеков
Танымал әнші Дастан Оразбеков Динара Сәтжанға берген сұхбатында жеке өмірінде болған қиындықтарымен бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
“Махаббат барда көп дүниеге кешіріммен қарайсың, қаншалықты қиын болса да түсінуге тырысасың.
Жұбайым екеуіміздің жанымыз егіз.
Өзара келіспей қалатын кездеріміз де болады. Бірақ бұл кикілжіңдер болмаса біз бір-бірімізді толықтыратынымызды түсінбес едік.
Мен оңтүстіктің жігітімін, ол Қостанайдың қызы. Мінезі тік.
Уақыт, тәжірибе бәріне үйретті. Ол – оңтүстіктің келіні.
Әрине, қарым-қатынасымызда қиындықтар болады. Қолымызды бір сілтеп, ажырасуға дейін барған кездеріміз болды. Бірақ, мен онсыз қайтпекпін? Ол жанымда болмаса мен қиналып қаламын”, – дейді Дастан Оразбеков.
Сұхбат барысында Оразбеков өзінің жанкүйзелісіне ұшырағанын да жасырмады.