"Ажырасқан әншілерді сахнадан қуу керек": Жас журналист өнер адамдарына шүйлікті

Шоу-бизнес саласындағы жас журналист Айдос Игіліков күйеуімен ажырасқан әншілерді сахнадан қууды талап етті. Оның айтуынша, ажырасқан әншілер бүгінде жас қыздардың феноменіне айналып бара жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуінен ажырасқан әншілер бүгінде сахнаның "сәніне" айналды. Ел алдында билеп, ән салып, қыз ұзатып жүрген олардың өмірі жас қыздарға үлгі болып отыр. Соларды көрген жас бойжеткендер ажырасып кетсең де осылай жұлдызға айналуға болады деп ойлайды.
Шын мәнінде, олар жас ұрпақтың санасын улауда. Сол себепті, ажырасып кеткен әншілерді сахнадан қуып, телеарна эфирлерінен аластату қажет. Бұл менің жанайқайым. Олар бізге үлгі болмауы қажет. Әрине, бұл жерде мен күйеуі қайтыс болған әншілерді есепке алмаймын. Ал ажырасқан әншілерді сахна мен тойда тайраңдатып қоймау керек", - дейді Айдос Игіліков.
Айта кетелік, жақында Айдос "Қалаулым" бағдарламасын жабуды талап еткен әзілкешке қарсы шыққан болатын.

Айдостың айтуынша, мұндай жеңіл-желпі дүниелердің кең таралуына басқа емес, өнер адамдарының өздері кінәлі.

Еске сала кетсек, белгілі әзлікеш Нұрболхан Шарапов "Қалаулым сен" мен "Қалауым live" жобаларын жабуды талап еткен болатын. Әзілкешті әнші Серік Ибрагимов та қолдаған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста