"Әзірге көрсете алмаймыз": Лондонға оқуға түскен Айгүл Иманбаева елге күйеуімен оралатынын айтты
"Болашақ" бағдарламасымен шетелге оқуға түскен әнші Айгүл Иманбаева Лондоннан сүйіктісімен келетінін айтты. "Ұйқым келмейді" бағдарламасында өнер иесі елге оралғасын "Біз" деп аталатын концерт қоятынын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
“Осыдан сегіз жыл бұрын берген концертім "Сен ғана..." деп аталды. Жақында Алматыда өткен концертім "Мен..." болса, енді Лондоннан күйеуіммен қайтып оралғанда, "Біз" деген концерт беремін. Барлығын болған кезде айтқан дұрыс шығар", - деді Айгүл Иманбаева. Айта кетейік, бағдарлама барысында жүргізуші Нұрсұлтан Құрман әншінің сүйіктісін түсірілім сыртынан көргенін айтты. "Мен жаңа студияның сыртында сізді алып келген кісі ғой, иә? Әзірге көрсете алмаймыз", - деді бағдарлама жүргізушісі. Ал Нұрсұлтан Құрманның бұл сауалын Айгүл Иманбаева растады. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айгүл Иманбаева концертіне сүйіктісі келетінін айтқан болатын.