«Әзіл әлемі» – тосынсыйға толы концерт

«Әзіл әлемі» – тосынсыйға толы концерт

Бір жыл бойы еліміздегі ең елеулі мерекелерді үлкен шоуға айналдырып, әндетіп, думандатып Әз-Наурызды, Халықаралық әйелдер күнін, Астана күнін, Тәуелсіздік күнін өткізіп, көрерменді үздік әзілдерімен күлдіріп келген республикамыздың №1 «Базар жоқ» әзіл-сықақ театры жаңа 2014 жылды көңілді қарсы алуға өз үлесін қоспақшы. Көгілдір экран алдында, мерекелік дастарқан басында жиналған ұлттық арнаның миллиондаған жанкүйері 4 сағатқа созылатын ән мен әзілдің телемарафонында Тұрсынбек, Қанат, Ерболат, Аманғали, Қайрат, Бақытжан, Медет, Арман сынды сүйікті актерлері мен біраздан бері көзден таса болған виртуоз күйші Асылбек Еңсеповтің, «ән айтса, жанын жеп айтатын» Қыдырәлі-Қарақат, Мейрамбек Беспаев, Ақылбек Жеменей, «Бәйтерек», «Каспий», «Заман» топтары, Бақыт Шадаева, Маржан Арапбаева, Құрмаш Маханов, Досымжан Таңатаров, Бауыржан Исаев, Нұржан Керменбаев сынды әншілердің өнерін тамашалай алады.
«Бұл концерт бұрынғы концерттен өзгерек»... Оны шоу деп атауымыз да бекер­ден-бекер емес. Әзілқойлығы мен актерлігі өз алдына, пародия мен эстрада жанрларының біраз жеріне барып қайтқан театр саңлақтары өздерін биші ретінде сынап көрмек! Бұл идеядан не шығатынын өз көздеріңізбен көріңіздер!
Әлі де болса ой үстінде отырған жан­дар­ға құлаққағыс – Қазақстанда жаңадан тұсауы кесілгелі жатқан «Жұлдызды қой­кезек» реалити-шоуының қандай бола­тынын білгіңіз келсе, «Біз ең керемет елде тұрамыз ба?» деген сауалға жауап іздеп жүрсеңіз, қазақтың миы өзгелерден немен айрықшаланатынын түбегейлі зерт­те­гіңіз келсе, жолпол мен патрульдық полицияны біріктірген реформаға тағы қандай өзгеріс енгізуге болатыны толған­дыр­са –  Тұрсын­бек Қабатовтан көз жазып қалмаңыз. Медет пен Арман Жаңа жылды қарсы алудың отандық ерекшеліктеріне тоқта­лады. Өтірік пен өсек біздің күнделікті күйбең тіршілігіміздің айнымас серігіне қалай айналып кетті? Осы сұрақ Қайрат Әділгерейұлының түн ұйқысын төрт бөліп­ті. Жұлдыздардың сахнадағы жүріс-тұры­сын, қимылын сараптауға кіріскен Аман­ғали Сыпабековтің пародия жанрындағы шеберлігіне тағы бір мәрте куә боласыз. Зейнетақының кімге бұйыратынын Шіман апамыз анықтаса, «Базар жоқ» театрының актері, опера-балет театрының вахтері Қанат Әлжаппаров жаңа қойылымдарға жарнама жасап өтеді.
Қазақстан Республикасындағы ең ыңғайсыз сұрақтардың авторлары Жахан мен Баянды жұлдыздарымызға сауалдарын қарша боратып, «Жаңа жылда Жаңабай кімге айналады?», «Құрмаштың досы – Дос, ал Достың Құрмашы кім?», «Ауылдың сұлу­лары неге ренжулі?», «70 жастағы Нұрлан Еспановтың шаш үлгісі қандай болмақ?» деген аса маңызды мәселелердің шешімін іздеді. Сонымен, Аязата мен Ақшақардың, туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жаранның келуін күтіп, уақыт өткізе алмай, зерігіп отырғанша, ән мен әзілден жасалған шоу-концертті көріп, сергіп отырыңыз! 31 желтоқсанда Ұлттық арна қосулы болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста