Тұрсынбек Қабатов бастаған «Әзіл Әлемі» театрының құрылғанына биыл 5 жыл толды. Осыған орай көрерменнің көзайымына айналған театр ұжымы өнердегі мерейтойын кең көлемде атап өтпек. Нақтырақ айтсақ, гастрольдік сапармен еліміздің ірі қалаларын аралап, өнер көрсетеді.
«Әзіл Әлемінің» бұл жолғы концерті бұрынғыларынан ерекше болады деп күтілуде.
Естеріңізде болса, театр алғашында «Базар жоқ» деген атаумен танылған болатын. Кейіннен «Әзіл Әлемі» деп өзгертілді. Бүгінде Тұрсынбек Қабатов, Қанат Әлжаппаров, Арман Жаналиев, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Әділгерей, Бақытжан Қасымов, Ерболат Төлегенов, Медет Досқанаев сынды жігіттер ұжымда өнер көрсетіп келеді.
Ендеше театрды құттықтай отырып, алдағы сапарларына сәттілік тілейміз!